Жұмыс беруші жалақыны қай мерзімде төлеуі керек
ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 5-тармағы, жұмыс беруші қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақыны және өзге де төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуге міндетті. Жоғарыда аталған кодекстің 113-бабының 1-тармағына сәйкес жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей айына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында белгіленеді және ақшалай нысанда төленеді. Жалақыны төлеу күні еңбек шартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке күндерімен сәйкес келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі. Яғни, жалақы төлеуді жұмыс беруші келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей жүргізуі керек.