Егер мысық / ит құсса не істеу керек?

    kyzylorda-veterinaria

    kyzylorda-veterinaria·
    Сұрақ

    Егер мысық / ит құсса не істеу керек?

    Жауап

    Егер құсу бір реттік болса және жануар белсенді болса, оны бақылауға болады. Егер онда бозару, тамақтан бас тарту, құсу жиі болатын болса -шұғыл түрде ветеринарға көрсету қажет.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Бруцеллездің (сарып) алдын алу ауру малдың ақысы өтеледіма?

    Жауап

    Ветеринария саласында ауыл шаруашылығы жануарларын бруцеллезге тексеріп, анықтау іс-шаралары үнемі жүргізіледі. Бруцеллезге шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінен алынып қайта өңдеуге жіберіледі. Заңдылықтарға сәйкес 30% жергілікті бюджеттен, 70% қайта өңдеу ұйымдарынан өтем ақы төленеді. Бруцеллез - адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті ауру. Көбінесе адамдарға ауру малдардан жұғады. Сондықтан ауру болып анықталған жануарларды уақытылы санитариялық союға өткізу қажет. Өзіңіздің, балаларыңыз бен тума туыстарыңыздың, таныстарыңыздың денсаулығы өз қолыңызда!!!

    kyzylorda-veterinaria·
    Сұрақ

    ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ АНЫҚТАМА БЕРУ ТУРАЛЫ Б3ЛГ3М КЕЛЕДІ?

    Жауап

    Жергілікті жердегі ветеринариялық ұйымдармен «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі ТЕГІН көрсетіледі. Ветеринариялық анықтаманың 3 түрі (нысан) болады. 1 нысан - тірі жануарларды сату немесе басқа бір елді мекенге тасымалдау үшін; 2 нысан - жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сондай-ақ балара шаруашылығының өнімдері) өткізу, тасымалдау үшін; 3 нысан - жануарлардан алынатын шикізат өнімдерін (тері, жүн, түк, қыл, бағалы аң терісі, мамық, қауырсын, эндокриндік бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйіз, тұяқ, басқа да өнім) өткізу, тасымалдау үшін рәсімделеді. Ветеринариялық анықтамасыз тасымалдауға болмайды. Ветеринариялық құжатсыз тасымалдағаныңыз үшін жергілікті полиция қызметімен айыппұл салынады. Бекерге айыппұл төлемес үшін ветеринар маманнан ветеринариялық анықтама алуды ҰМЫТПАҢЫЗДАР!!!

    kyzylorda-veterinaria·
    Сұрақ

    Бірдейлендіру қалай жүргізіледі?

    Жауап

    БІРДЕЙЛЕНДІРУ - мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне жатады, сондықтан өзіңіз малыңыз төлдегенде, мал сатып алғанда өтініш жазуыңыз қажет!!! Бұл іс-шара өз кезегінде өте ауқымды және аса қажетті іс шара. Яғни, бірдейлендіріліп дерекқор базасына енгізілген жануарлар Республикалық бюджеттен қаржы бөлінетін аса қауіпті ауруларға қарсы тегін егіледі!!! Сондықтан, ауыл шаруашылығы жануарларыңызды жергілікті жердегі ветеринар маманға барып сырғалатып, таңбалатып, чип салдырып, дерекқор базасына уақытында енгізіп отыруды ұмытпаңыздар!!!

    kyzylorda-veterinaria·
    Сұрақ

    Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталдыма ?

    Жауап

    Өздеріңізге белгілі, Конго - Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы адам үшін өте қауіпті. Облыс бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қолайсыз 74 елді мекен тіркелген. Қазіргі күні залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы аса қауіпті аурудың зардабын тартпас үшін сіздердің тараптарыңыздан мал қоралардағы көң-қилар уақытылы алынып, механикалық-санитариялық тазалануы қажет. Залалсыздандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуі осыған тікелей байланысты екенін еске саламыз. Көктем, күз айларында кенеге қарсы дезинсекция жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Үйде ұсталатын төрт-түлік малды ішкі және сыртқы паразиттерді қатар жоятын ветеринариялық препараттарды (ивен, айвен, ивермек т.б) пайдаланған өте тиімді. Сонымен қатар, ұсақ малдарды көктем мезгілінде тоғыту жұмыстарын ветеринариялық мамандармен бірге жүргізу қажет.

    kyzylorda-veterinaria·
    Сұрақ

    Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қандай препараттар қолданылады?

    Жауап

    Әр түрлі аурудың алдын алу мақсатында иелігіңіздегі жануарлар (Мүйізді ірі қара, қой, ешкі, түйе ) экто және эндо паразиттерге қарсы ивен, ивермек, ивермектин т.б. ветеринариялық препараттармен алдын ала егіліп отыруы қажет. Мысалы, ивермек инъекцияға арналған ерітінді сұйық дәрі, 14 күнге дейін белсенді әсер етеді, 50кг салмаққа 1 мл мөлшерде салынады. Осы аталған дәрі-дәрмектер теріге жабысып тұрған паразиттермен (кене т.б.) қоса ішкі құрылысындағы көптеген зиянды құрттарды (нематодтар т.б.) жойып, малдың тез оңалуына септігін тигізеді.

    kyzylorda-veterinaria·
    Сұрақ

    Үй жануарларын немен тамақтандырған дұрыс: құрғақ немесе табиғи тамақтармен?

    Жауап

    Ең бастысы-тепе-теңдік. Супер премиум өнеркәсіптік жемшөпте барлық қоректік заттар бар. Табиғи тамақтану кезінде ақуыздардың, майлардың және дәрумендердің дұрыс тепе-теңдігін қамтамасыз ету қиынырақ.

    kyzylorda-veterinaria·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.