Көрнекі ақпараттарды орналастыруға қандай талаптар қойылады?
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, бағалар, мәзірлер, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде және (немесе) басқа да тілдерде орналастырылады. Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналасады: сол жақта немесе жоғарыда – мемлекеттік тілде, оң жақта немесе төменде – орыс тілінде, көлемі бойынша бірдей әріптермен жазылады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 . Мысалы, егер Сіз көрнекі ақпаратты орналастырғыңыз келсе, онда Сізге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңы 21-бабының талаптарын сақтау қажет. Мәтін міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы және ол дұрыс орналасуы қажет, яғни деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтіндері мынадай тәртіппен орналасады: сол жақта немесе жоғарыда – мемлекеттік тілде, оң жақта немесе төменде – орыс тілінде, көлемі бойынша бірдей әріптермен жазылады.