Қанша айдан кейін еңбек демалысын алуға болады

    «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» РММ

    Сұрақ

    Қанша айдан кейін еңбек демалысын алуға болады

    Жауап

    Жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және одан кейінгі жылдары үшін жыл сайынғы еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі (91-бабтың 1-тармағы)

    Еңбек демалысы 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін беріледі, бірақ жұмыс берушінің келісімі бойынша оны ертерек алуға болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Өндірістік жарақат бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары қалай төленеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 133-бабының 4-1 тармағына сәйкес, қызметкерге еңбек жарақаты немесе кәсіби ауруға байланысты берілетін уақытша еңбекке жарамсыздық үшін әлеуметтік төлемнің мөлшері орташа айлық жалақының жүз пайызын құрайды. Осыған орай, ҚР еңбек заңнамасына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары орташа айлық жалақының 100% мөлшерінде өтеледі.

    Сұрақ

    Жұмыс беруші жұмыс басталар алдында қызметкерлерден алдын ала (смена алдындағы) медициналық сараптамадан өтуін талап ете ала ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 185-бабының 2-тармағына сәйкес, қауіптілігі жоғары жұмыстарда, сондай-ақ машиналар мен механизмдермен жұмыс істейтін қызметкерлер смена алдындағы медициналық тексерістен өтуі тиіс. Сменад алдындағы медициналық тексеруді талап ететін мамандықтар тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар анықтайды. Осыған орай, смена алдындағы медициналық тексеруден қауіптілігі жоғары жұмыстарда еңбек ететін қызметкерлер өтеді және оларды тексеру тізбесін денсаулық сақтау уәкілетті органдары белгілейді.

    Сұрақ

    Жұмыс беруші еңбек шартын жасамаса не істеу керек

    Жауап

    Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты жасалмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда, жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап еңбек қатынасында деп есептелінеді. Осыған байланысты жұмыс берушіге де, жұмыскерге де жұмысқа нақты жіберілген күннен бастап еңбек шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері толық көлемде жүктелді деп есептеледі. Сондықтан жұмыскерге жұмыс берушіден еңбек шартының қол қойылған данасын талап ету ұсынылады. Егер жұмыс беруші еңбек шартын ресімдемесе, өңірлік еңбек инспекциясы департаменттеріне немесе сотқа дәлелді негіздемелермен бірге арыз жазуға болады.

    Сұрақ

    Сынақ мерзімі кезінде жұмыстан шығару заңды ма

    Жауап

    Сынақ мерзіміндегі жұмыстың теріс нәтижесі жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскердің келісімін ескермей еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылады. Бұл негіз ҚР ЕК 54-бабының 1-тармағы 5-тармақшасында) көзделген. Бұл ретте, сынақ мерзімі туралы шарт міндетті түрде еңбек шартында көрсетілуі керек. Егер еңбек шартында мұндай шарт енгізілмесе, ЕК-нің 36-бабына сәйкес, жұмыскер сынақ мерзімінсіз жұмысқа қабылданды деп есептеледі. Сынақ мерзімінде жұмыстан шығару жұмыскердің де, жұмыс берушінің де бастамасы бойынша заңды. Алайда, Еңбек кодексіндегі талаптардың сақталуы міндетті болып табылады. Бұл ретте, жұмыскер жұмыс берушіні 3 күн бұрын, ал жұмыс беруші жұмыскерді 7 күн бұрын жазбаша түрде себептерін көрсете отырып ескерту қажет.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.