Жалға берілген тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма?
Тұрғынжайды жекешелендіру тәртібімен меншігіне алу үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалардың (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар) талаптарына сәйкес құжаттарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсынады. Тұрғын үй комиссиялары өтініш беруші осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде дауыс беру жолымен тұрғынжайды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді бас тарту туралы шешім шығарады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000673