Желдету және ауа баптау бойынша қандай талаптар бар?

    departament-kkbtu-zko

    departament-kkbtu-zko·
    Сұрақ

    Желдету және ауа баптау бойынша қандай талаптар бар?

    Жауап

    Тұрғын бөлмелерде ауаны баптау қамтамасыз етіледі. Егер орталық ауа баптау жүйесі болмаса, ғимарат сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

    Желдету жүйесі бөгде иістердің таралуын болдырмауы тиіс.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Сауықтыру маусымында ашылуға рұқсат етілген лагерьлер тізімімен қай жерде танысуға болады?

    Жауап

    Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған лагерьлер тізімі жаңартылып жарияланып отырады.

    departament-kkbtu-zko·
    Сұрақ

    Сауықтыру ұйымдарына ашылу алдында қандай рұқсат құжат қажет?

    Жауап

    Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды - нысанның жұмысы басталғанға дейін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардан алынатын міндетті рұқсат құжаты. Бұл құжат ғимараттың, судың, тамақтану блогының және аумақтың бекітілген санитарлық қағидаларға толық сәйкестігін растайды.

    departament-kkbtu-zko·
    Сұрақ

    Сауықтыру лагеріне балаларды қабылдау үшін қандай анықтамалар талап етіледі?

    Жауап

    ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығының 123 тармағы, 4 тармақшасына сәйкес объектіде медициналық қызметкер "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 071/у нысаны бойынша "Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға арналған медициналық анықтама" деген денсаулық жағдайы туралы құжат, инфекциялық аурулармен байланысы жоқ деген анықтама бар болған кезде лагерьге балаларды қабылдау іс-шараларын жүргізеді.

    departament-kkbtu-zko·
    Сұрақ

    Сауықтыру ұйымдарының жұмысы қандай нормативтік құжаттармен реттеледі?

    Жауап

    Сауықтыру ұйымдарының жұмысы біртұтас нормативтік құқықтық актілер кешенімен реттеледі, атап айтқанда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексі; ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары; «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы.

    departament-kkbtu-zko·
    Сұрақ

    Тазалық және дезинфекциялау жұмыстары қалай жүргізіледі?

    Жауап

    - Бөлмелер мен ортақ пайдаланылатын орындарда күн сайын ылғалды жинау және желдету жүргізіледі. - Кілемдер қағылады, жұмсақ жиһаздар тазартылады. - Ванна, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу тетіктері және есік тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді.

    departament-kkbtu-zko·
    Сұрақ

    Қонақүйлердің тұрғын қабаттарында қоғамдық үй-жайларды орналастыруға бола ма?

    Жауап

    1–2 жұлдызды қонақүйлер мен хостелдердің тұрғын қабаттарында, егер тұрғын бөлмелер шудан қорғалған болса, бар, кафе, буфет, телевизиялық қонақ бөлмесі, іскерлік кездесу бөлмесі, балалар бөлмесі сияқты қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды орналастыруға жол беріледі. Алайда қоғамдық үй-жайларды тұрғын бөлмелермен аралас орналастыруға болмайды.

    departament-kkbtu-zko·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.