Жауап: Құжаттар тізімі:
- Жеке тұлғалар үшін/заңды тұлғалар үшін өтініш.
- Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін).
- Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат.
- "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
- Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 386-бабына сәйкес машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат.
Автокөліккеменшік құқығын растайтын құжаттар:
- азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
- сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының мемлекеттік органның орындалуы тиіс іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
- кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме.
Автокөліктібастапқы тіркеу жағдайында:
- өндіруші зауыттың қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын құжатының көшірмесі;
- сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі ("Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжатты ұсына отырып кедендік декларация берілетін өнім тізбесін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 6 шешімдеріне сәйкес).
- Заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы осы ұйымның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен куәландырылған бұйрығы (өкімі).