Елді мекендердің қандай түрлері бар?

    karaganda-economy

    karaganda-economy·
    Сұрақ

    Елді мекендердің қандай түрлері бар?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, елді мекендер келесі түрлерге бөлінеді:

    • қалалар:
    1. республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттiк маңызы бар немесе халқының саны бiр миллион адамнан асатын елдi мекендер жатады;
    2. облыстық маңызы бар қалалар, оларға iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер жатады;
    3. аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер жатады.

    - кенттер:

    Кенттер, оларға халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер жатады.

    Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады.

    • ауылдар:

    Ауылдар – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.

    Әр категорияда халық саны, инфрақұрылым және экономикалық мәні бойынша нақты критерийлер белгіленген, ал категория өзгерістері Заңның
    14-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    2025 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қандай өзгерістер енгізілді?

    Жауап

    2025 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына мынадай өзгерістер енгізілді: Бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 0,01% - дан 1% - ға дейін өзгертілді; Бюджеттік кредит келіп түскен маман жұмыс істейтін елді мекен жататын ауданда (облыстық маңызы бар қалада, аудандық маңызы бар қалада) маманнан, оның жұбайынан(зайыбынан) және балаларынан өтініш берілген күннен бастап соңғы екі жылда меншік құқығында тұрғынжайы жоқ адамдарға беріледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы №74 бұйрығымен енгізілді. 5 тармақ «теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 1 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бере отырып, кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі»; ескі редакцияда 5-тармақ екінші абзац: «теңгемен он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01 % мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы немесе салуы үшiн кейіннен ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бере отырып, кредиттiк шарттар жасасу арқылы беріледі» 18 тармақ «өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген маман жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар) маманның, оның жұбайының және балаларының меншік құқығында тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады»; ескі редакцияда 18-тармақ төртінші абзац: «өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген маман жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар) маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады».

    karaganda-economy·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарлама бойынша қандай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады?

    Жауап

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және туруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және оны аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары көрсетеді. Көтерме жәрдемақы мөлшері 100 АЕК. Аудан орталықтарында 2500 АЕК-ке дейін, ауылдық елді мекендерде 2000 АЕК-ке дейін тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит. Бюджеттік кредит алушыларға негізгі шарт ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымда кемінде 3 жыл жұмыс істеу міндеттемелерін өзіне қабылдау.

    karaganda-economy·
    Сұрақ

    Ауылдық округ дегеніміз не және оны құруға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Заңының 2, 11-бабына сәйкес, ауылдық округ – екі және одан да көп ауылдық елді мекендерді біріктіретін әкімшілік-аумақтық бірлік. Ауылдық округті құру шарттары мен тәртібі: Округтің жалпы халық саны кемінде 500 адам болуы тиіс . Құру ұсынысы жергілікті атқарушы және өкілетті органдардан түседі және уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітіледі. Шешімде қарастырылады: елді мекендердің географиялық орналасуы, транспорттық қолжетімділік, экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым. Ескерту: Бір ғана елді мекен ауылдық округті құра алмайды.

    karaganda-economy·
    Сұрақ

    Елді мекен деп нені есептейміз және оған қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылы с ы туралы» Заңының 2-бабына сәйкес, елді мекен – бұл халық саны кемінде 50 адам болатын, азаматтардың шаруашылық және басқа да қызметіне негізделген, халық жинақы орналасқан территория. Елді мекендер уәкілетті органдарда тіркеліп, есепке алынады, ал олардың құрылуы немесе өзгеруі халық саның, аумақтың экономикалық және әлеуметтік мәнің, инфрақұрылымның болуын (жолдар, көлік, байланыс) ескере отырып Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

    karaganda-economy·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында қандай әкімшілік-аумақтық бірліктер бар?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылы с ы туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, әкімшілік-аумақтық құрылымға келесі бірліктер кіреді: облыс, аудан, қала, қалалық аудан, ауылдық округ, кент, ауыл (ауылдық елді мекен). Бұл бірліктер заңнамада белгіленген тәртіппен халық саны, аумақтың экономикалық және әлеуметтік мәні ескеріле отырып, құрылады, өзгереді және жойылады.

    karaganda-economy·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.