Қаңғыбас иттер мәселесі қалай шешіледі?
Қала аумағындағы қаңғыбас иттерді аулау және реттеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес мамандандырылған ұйымдар арқылы жүргізіледі. Тұрғындардан өтініштер түскен жағдайда көрсетілген мекенжай бойынша тексеру жүргізіліп, қажет болған жағдайда қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл жұмыстар қолданыстағы заңнама талаптарына және жануарларға жауапкершілікпен қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.