Тұрғын үймен қамту бойынша

    karaganda-balkhash

    karaganda-balkhash·
    Сұрақ

    Тұрғын үймен қамту бойынша

    Жауап

    Ағымдағы жылдың 24 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, күшіне енді. Осы өзгерістерге сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім, соның ішінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді беру туралы шешім ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес қабылданады (Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы).

    Жоғарыда баяндалғанның негізінде, тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтар арасында тұрғын үйді бөлу жөніндегі оператор ретінде қазіргі уақытта «Отбасы Банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) айқындалды.

    Осылайша, жергілікті атқарушы органның балансында бар және (немесе) пайдалануға берілген пәтерлер тізімі Банкке ұсынылғаннан кейін, мемлекеттік тұрғын үйлерді кезекте тұрған азаматтар арасында бөлу Банк арқылы жүзеге асырылатын болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру бойынша

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда ғана рұқсат етіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жоқ елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беру тек электрмен жабдықтау желілері болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрау кезінде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және жер телімдерін бөлуге арналған алаңдар дайындалуына қарай немесе жеке тұрғын үй құрылысына пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері тегін негізде берілген кезде, азаматтың мемлекет тарапынан жеке тұрғын үй құрылысына бұрын жер учаскесі берілген-берілмегені ескеріледі. Арнайы есепке қою кезінде азаматтың мемлекет тарапынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскесінің бар-жоғы ескеріледі, бұл туралы мәліметтер Мемлекеттік корпорациядан сұралады. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жер учаскелерін бөлуге арналған алаңдарды дайындау туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінің тізімдері туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ақпарат арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде тоқсанына кемінде бір рет жариялау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнайы есепке қоймай беруіне тыйым салынады.

    karaganda-balkhash·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу мәселесі бойынша

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 128-бабына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту негіздері мыналар болып табылады: облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының асып кетуі; өтініш берушінің учаскелік комиссияның материалдық жағдайды тексеру жүргізуінен бас тартуы; тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытындысы; осы Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартуы – бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде; бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді алушының кінәсінен орындамау – атаулы әлеуметтік көмекті қайта тағайындауға жүгінудің алдындағы алты ай ішінде; атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтерді және (немесе) шындыққа сәйкес келмейтін құжаттарды ұсыну – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде.

    karaganda-balkhash·
    Сұрақ

    Шатыр жөндеу бойынша

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабының 14) тармақшасына сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне (қасбеттер, шатырлар, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен алаңдары, лифтілер, шатыр асты, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйдің ортақ инженерлік жүйелері мен жабдықтары, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесі және (немесе) үй маңындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланудағы өзге де мүлік) пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі. Аталған Заңның 34-бабының 3-тармағына сәйкес, пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, автотұрақ орнының немесе қойманың меншік иесі өзіне тиесілі мүлікті күтіп-ұстау міндетін көтереді, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті.

    karaganda-balkhash·
    Сұрақ

    Қаланың жолдары қашан жөнделеді?

    Жауап

    Қазіргі уақытта жолдардың жағдайы көптеген сұрақтар туғызып отырғанын түсінеміз. Шұңқырлардың пайда болуы өткен жылғы жылу және сумен жабдықтау құбырларын ауыстыру жұмыстарына байланысты. Бұл жұмыстар күз айының соңында, жер қатқан кезде аяқталғандықтан, қазір, көктемде, топырақ шөгіп, асфальттың бұзылуына әкеліп соқтыруда. Биыл қаланың 18 көшесін жөндеуді жоспарлап отырмыз. Жөнделетін учаскелердің жалпы ұзындығы 17,6 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта, негізгі жөндеу жұмыстарына мердігерді таңдау жүріп жатқанда, біз уақытша жұмыстар жүргізудеміз: шұңқырларды жөндеу жолдарды тегістеу бұзылған учаскелерге қосымша материал төсеу.Бұл шаралар уақытша, бірақ олар орташа жөндеу басталғанға дейін жолдарды қауіпсіз етуге көмектеседі. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және уақытша қиындықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін бізде жаңа жолдар ғана емес, сенімді коммуникациялар да болады.

    karaganda-balkhash·
    Сұрақ

    Желтоқсан көшесі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

    Жауап

    Аталмыш "Өркен-Медиа" инстаграмына шыққан ақпарат бойынша қазіргі таңда Желтоқсан көшесі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, аталмыш шұнқырлар тегістеліп қалпына келтіріледі 2025 жылдың 1 тамызға дейін.

    karaganda-balkhash·
    Сұрақ

    Жолдың шұңқырларын қашан жабады?

    Жауап

    Балқаш қаласының көшелерінде шұңқырларды жабу жұмыстары басталды (Уәлиханов көшесі,Қадыржанов көшесі).Аталған жұмыстар жалғасын әріқарай табатын болады. Аталмыш ақпарат бойынша келесіні хабарлаймыз, ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында аталмыш шұнқырлар жабылды

    karaganda-balkhash·
    Сұрақ

    Қалалық көшелердегі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

    Жауап

    Биыл қалада ауқымды жол жөндеу жұмыстары басталды, мердігер ұйымдар анықталып, жоспарға сәйкес жұмыстар іске асырылуда. Абаттандыру бағдарламасы аясында 18 учаскеде, соның ішінде орталық және аулалық көшелерде, кіреберіс көпір мен Техснаб бағытындағы жолда күрделі жөндеу және асфальт жұмыстары жүргізіледі. Жөнделетінкөшелер тізіміне келесілер енген: Желтоқсан, Спицын, Бокейханов, Ағыбай батыр, Караменде би, Қадыржанов, Язева, Уалиханов, Ақтоғай, Сарыарқа, сондай-ақ Сармантайұлы, Ормантайұлы, Достоевский, Мәметова, Р. Қошқарбаев, Бижанұлы, Калмыков және басқа да көшелер мен бұрылыстар. Кейбір көшелерде асфальт төсемес бұрын техникалық жағынан маңызды жұмыс- жаңа су құбырын ескі желіге қайта қосу (переврезка) жүргізілуі қажет. Бұл жерасты жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана асфальттау жұмыстарына көшуге болады. Жол жөндеу жұмыстары тек асфальт төсеумен шектелмейдіұ Жөндеу барысында алдымен бүлінген немесе мүлдем жоқ бордюрлер қалпына келтіріліп, орнатылады. Одан кейін техникалық тротуар қалыптастырылады. Содан соң бордюр бойымен асфальт-бетон екі қабатпен төселеді: алдымен тегістеу қабаты,содан кейін соңғы қабат

    karaganda-balkhash·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.