Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты қалай орнатуға болады?
Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу "жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады. www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 19 жұмыс күні, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу туралы қала және аудан әкімдігінің қаулысы.