Кәсіпкерлікпен айналысып, мал шаруашылығын дамыту үшін жер учаскелерін қандай тәртіппен алуға болады?
Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 48-бабының талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығымен айналысуға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелеріне құқық табыстау сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 48-бабының талаптарына сәйкес сатуға арналған жер учаскесі: жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан, жер учаскесінің нысаналы мақсаты және оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама жариаланғаннан кейін сауда-саттыққа шығарылады. Аукцион, конкурстар аудандық жер қатынастары бөлімі арқылы жүргізіледі.