«e-Otinish» АЖ-де өтінішті қалай беруге болады?
«e-Otinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады: eGov/eGovmobile сайты; Aitu мобильді қолданбасы; Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.
kyzylorda-syrdarya-shirkeili
Мемлекеттік грантты (қайтарымсыз) алуға кімдер құқылы және қалай беріледі?
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант халықтың әлеуметтік осал топтарына, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көп балалы отбасыларға, асыраушысынан айырылғандарға, қандастарға, еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерге және мүгедек бала тәрбиелеушілерге конкурстық негізде 400 АЕК (еселенген айлық есептік көрсеткіш) мөлшеріне дейін беріледі. Грант беру комиссия мүшелерінің қолдауымен, комиссия отырысында шешіледі.
Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.
«e-Otinish» АЖ-де өтінішті қалай беруге болады?
«e-Otinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады: eGov/eGovmobile сайты; Aitu мобильді қолданбасы; Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.
Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке қалай тұруға болады
Бұған дейін тұрғын үй кезектілігімен жұмысшы орган болып табылатын, яғни аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі айналысып келсе, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды, кезекке қоюды, жалға берілетін тұрғын үйлерді бөлуді жүзеге асыру қызметтері жергілікті атқарушы органнан «Отбасы банк» акционерлік қоғамына берілді. Кезекке тұру үшін соңғы бес жыл көлемінде атына тұрғын үй тіркелмеуі тиіс немесе жалғыз баспанасы апатты деп танылғандығы туралы арнайы сарапшылардың эксперттік қорытындысы болған жағдайда, электронды цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып orken.otbasybank.kz ақпараттық жүйесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) арқылы өтінім бере алады.
Менің отбасымдағы бір мүшені еске алуға арналған ат бәйгесінен спорттық жарыс өткзейін деп едім. Сіздер бөлм тарапыныздан қандай көмек болады.
Ең алдымен ат бәйгесін өткізу бойынша Сырдария ауданы әкімдігіне рұқсат алу жөнінде өтініш жолданады. Рұқсат берілген жағдайда, Сырдария ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі жарысты ұйымдастыруға қатысты жоспарлау, үйлестіру және өткізу жұмыстарына қолдау көрсететін болады
Кәсіпкерлік мақсатта жер учаскесін қалай алсам болады?
Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесін алу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес сауда - саттыққа (аукциондарға) шығарылып беріледі. Кодекстің 48 бабының 3 тармағына сәйкес сауда - саттық аукционға арналған жер учаскесі: жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан кейін; аукцион өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін шығарылады;
Жер кезегінде 2012 жылғы өтінішім түр. Осы өтінішім арқылы тұрғын үй салуым үшін жерді қалай алуға болады?
Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін табыстау Қазақстан Республикасының Жер Кодексімен реттеледі. Осы Кодекстің 44 бабының талабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай қанағаттандырылады - делінген. Осыған орай, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері жер кезектілігі негізінде табысталатын болады.
Аукционмен жер учаскесін қалай алуға болады?
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48-бабының талаптарына сәйкес «E-qazyna» мемлекеттік мүліктер тізілімі порталы арқылы сауда-саттыққа (аукционға) қатысу арқылы алуға болады.
Орталыққа кімдер жүгіне алады?
Орталыққа барлық адамдар (отбасылар) жүгіне алады. Орталық барлық жүгінген адамдарға (отбасыларға) ерікті негізде көмек көрсетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.
Қиын өмірлік жағдай дегеніміз не?
Қиын өмірлік жағдай – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген негіздер бойынша танылған адамның өз бетінше еңсере алмайтын тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын жағдай;