Грант алуға өтінім беру қалай жүргізіледі?

    kyzylorda-syrdarya-zhetikol

    kyzylorda-syrdarya-zhetikol·
    Сұрақ

    Грант алуға өтінім беру қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Business.enbek.kz порталында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға» өтінімдер қабылдау басталған уақытта өтінім беру үшін: - порталда тіркелу; - «БастауБизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын аяқтау; - грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту; - бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу; - өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек. Мемлекеттік грант 400 АЕК-ті құрайды және нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз негізде тек бір рет ғана беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жер кезегінде 2012 жылғы өтінішім тұр. Осы өтінішім арқылы тұрғын үй салуым үшін жерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін табыстау Қазақстан Республикасының Жер Кодексімен реттеледі. Осы Кодекстің 44 бабының талабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай қанағаттандырылады - делінген. Осыған орай, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері жер кезектілігі негізінде табысталатын болады.

    kyzylorda-syrdarya-zhetikol·
    Сұрақ

    Сырдария аудандық отбасын қолдау орталығының атқаратын қызметтері қандай?

    Жауап

    Орталықтар мыналарды жүзеге асырады: 1) мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру; 2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру; 3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу; 4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсету; 5) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы; 6) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; 7) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау; 8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру; 9) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.

    kyzylorda-syrdarya-zhetikol·
    Сұрақ

    Жұмысынан айырылған жағдайда, қандай төлемдер беріледі?

    Жауап

    Тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына немесе enbek.kz электрондық еңбек биржасы мен электронды үкімет порталы (egov) арқылы жұмыссыз ретінде сәтті тіркелгеннен кейін жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге өтінім жолдауға болады. Әлеуметтік төлем алдыңғы жұмыс берушідегі жұмыс өтіліне және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың болуына байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалуы мүмкін (егер алдыңғы жұмыс берушіден әлеуметтік аударымдар болған жағдайда).

    kyzylorda-syrdarya-zhetikol·
    Сұрақ

    Бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды қалай білуге болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес, жұмыс беруші еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді enbek.kz электрондық еңбек биржасына орналастыруға міндетті. Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді enbek.kz электрондық еңбек биржасынан көруге болады.

    kyzylorda-syrdarya-zhetikol·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек беріледі?

    Жауап

    Мемлекет тарапынан бөлім арқылы мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 8 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Атап көрсеткенде: Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық қамтамасыз ету; Техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасыз ету; Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметімен қамтамасыз ету; Жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз ету; Санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; Үйде күтім көрсету жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету; Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету; Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету;

    kyzylorda-syrdarya-zhetikol·
    Сұрақ

    Мемлекеттік грантты (қайтарымсыз) алуға кімдер құқылы және қалай беріледі?

    Жауап

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант халықтың әлеуметтік осал топтарына, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көп балалы отбасыларға, асыраушысынан айырылғандарға, қандастарға, еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерге және мүгедек бала тәрбиелеушілерге конкурстық негізде 400 АЕК (еселенген айлық есептік көрсеткіш) мөлшеріне дейін беріледі. Грант беру комиссия мүшелерінің қолдауымен, комиссия отырысында шешіледі. Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

    kyzylorda-syrdarya-zhetikol·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.