Облыстағы діни ахуал қалай зерделенеді?

    kyzylorda-din

    kyzylorda-din·
    Сұрақ

    Облыстағы діни ахуал қалай зерделенеді?

    Жауап

    Облыстағы діни ахуалды зерделеу жұмыстары Қызылорда облысының дін істері басқармасы мен оған қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығы арқылы жүзеге асырылады.

    Атап айтқанда, тұрақты түрде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ақпараттық-түсіндіру топтары өңір тұрғындарымен кездесіп, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Тіркелмеген діни бірлестік» деген не және олардың жиналыстарына немесе шараларына қатысуға неге тыйым салынған?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кез келген діни ұйым өз қызметін бастамас бұрын мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Егер ұйым әділет органдарында тіркелмесе, оның қызметі заңсыз деп танылады. Мұндай заңсыз бірлестіктердің жиналыстарына қатысу, олардың идеяларын насихаттау заңмен қатаң шектелген.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кез келген діни ұйым өз қызметін бастамас бұрын мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Егер ұйым әділет органдарында тіркелмесе, оның қызметі заңсыз деп танылады. Мұндай заңсыз бірлестіктердің жиналыстарына қатысу, олардың идеяларын насихаттау заңмен қатаң шектелген.Мұндай заңсыз бірлестіктердің жиналыстарына қатысу, олардың идеяларын насихаттау заңмен қатаң шектелген.

    kyzylorda-din·
    Сұрақ

    Балаларды діни іс-шараларға (уағыздар, құлшылықтарға) апаруға заң рұқсат бере ме?

    Жауап

    Тек ата-анасының келісімімен және қасында бірге жүруімен ғана рұқсат. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес, кәмелетке толмаған балаларды діни бірлестіктердің іс-шараларына қатыстыру үшін ата-анасының екеуінің де қарсылығы болмауы тиіс.

    kyzylorda-din·
    Сұрақ

    Діни жоралар, рәсімдер мен уағыздарды кез келген жерде (көшеде, мекемелерде) жүргізе беруге бола ма?

    Жауап

    Жоқ, болмайды. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 – бабы 1 – тармағына сәйкес, діни жоралар мен рәсімдер діни ғимараттарда және оларға бөлінген аумақтарда, діни білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Осы талаптардан тыс, қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде уағыз жүргізуге немесе діни идеологияны насихаттауға жол берілмейді.

    kyzylorda-din·
    Сұрақ

    Діни әдебиеттерді таратуға рұқсат бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни әдебиеттерді тарату тек арнайы белгіленген орындарда жүзеге асырылады. Діни әдебиеттерді таратуға рұқсатты облыстық дін істері басқармасы береді. Сонымен қатар, діни мазмұндағы материалдар міндетті түрде дінтану сараптамасынан өтуі тиіс. Бұл талап қоғамда діни тұрақтылықты сақтау мақсатында енгізілген.

    kyzylorda-din·
    Сұрақ

    Дін саласына қатысты мәселелер бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Дін саласына қатысты сұрақтар немесе мәселелер туындаған жағдайда Қызылорда облысының дін істері басқармасына немесе басқармаға қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығына жүгінуге болады. Мамандар азаматтарға заңнама шеңберінде кеңес беріп, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

    kyzylorda-din·
    Сұрақ

    Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Қызылорда облысының дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жүргізіледі. Бұл бағытта ақпараттық-түсіндіру топтарының кездесулері, семинарлар, лекциялар, жастармен кездесулер және әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде өткізіледі.

    kyzylorda-din·
    Сұрақ

    Дінтану мамандықтары бойынша білім беретін қазақстандық зайырлы оқу орындары қандай?

    Жауап

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    kyzylorda-din·
    Сұрақ

    Елімізде қандай жоғары діни оқу орындары бар?

    Жауап

    Қазіргі таңда исламдық бағыт бойынша 3 жоғары діни оқу орыны бар. Олар «Нұр-Мүбарак» Египат ислам мәдениеті университеті, ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру ислам институты, ҚМДБ қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты. Бұдан бөлек 9 медресе колледж бар. Ал христиандық бағытта 2 оқу орны бар. Олар Алматы Православиелік рухани семинария және Қарағандыдағы Жоғарғы епархияаралық «Мария – Шіркеудің Анасы» рухани Семинариясы.

    kyzylorda-din·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.