Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Зейнетақы (ынтымақты) төлемі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтіліне ( зейнетақы төлемін толық көлемде алу үшін ерлерге кемiнде 25 жыл еңбек өтілі болған кезде, әйелдерге кемiнде 20 жыл еңбек өтілі) және 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан алынған орташа айлық табысына байланысты болады.
Сонымен қатар, жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде азаматтарға олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.