Интернет жылдамдығының төмен болуының негізгі себептері қандай?

    Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы

    Сұрақ

    Интернет жылдамдығының төмен болуының негізгі себептері қандай?

    Жауап

    Интернет жылдамдығының төмендеуі желі жүктемесінің артуы, кибершабуылдар салдарынан магистральдық арналардың жүктелуі және базалық станциялардың жеткіліксіздігі немесе олардың алынуы нәтижесінде қамту аймағының қысқаруымен байланысты.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Автоматтандыру артса, адамның рөлі қандай болады?

    Жауап

    Жүйелер толық автоматтандырылған жағдайда да адамның рөлі сақталады, өйткені адам стратегиялық шешімдер қабылдап, жүйелерді бақылап отырады, әсіресе төтенше жағдайларда.

    Сұрақ

    Smart City-де жасанды интеллекттің рөлі қандай?

    Жауап

    Smart City-де жасанды интеллект деректерді талдап, болжау жасап, кейбір шешімдерді автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді, сондықтан ол негізгі технологиялардың бірі болып саналады.

    Сұрақ

    Тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өтініштерді қабылдайтын колл-орталық бар ма?

    Жауап

    Тұрғындардың тұрғын үй-коммуналдық салаға қатысты өтініштерін қабылдау және жедел әрекет ету мақсатында Қызылорда облысының Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.Азаматтар 109 қысқа нөмірі арқылы хабарласа алады.

    Сұрақ

    IT саласындағы жобаны қалай ұсынуға болады?

    Жауап

    IT саласындағы жобаны ұсыну үшін оның презентациясын [email protected] электрондық поштасына немесе Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі,1 мекенжайына пошта арқылы жолдауға болады.

    Сұрақ

    Байланыс қызметінің сапасына қатысты қайда шағымдануға болады?

    Жауап

    Байланыс қызметінің сапасына қатысты мәселелер бойынша азаматтар Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитетінің облысаралық байланыс инспекцияларына,сондай-ақ,облыс әкімдіктеріне шағымдана алады.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы аумағында байланыс қызметтеріне тарифтерді кім белгілейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы аумағында байланыс қызметтеріне тарифтерді байланыс операторлары өздерінің экономикалық негізделген шығындарына сәйкес дербес түрде белгілейді.

    Сұрақ

    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, мансап орталығы, «Электрондық үкіметтің» порталы www.egov.kz немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы тапсыруға болады. Мемлекеттік қызмет «Электрондық үкіметтің» порталы, мансап орталығына жүгінген кезде құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.