Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат ұсынған факті анықталған жағдайда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қандай шаралар қолданады?
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 3-бабы 1)-тармақшасына сәйкес, анық емес ақпарат – біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінің және (немесе) тартылатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) конкурсқа, аукционға қатысуға арналған өтінімінде және растаушы құжаттарында қамтылған, сол сияқты ұсынылған өтінімде шынайы мазмұнды бұрмалайтын және шындыққа және әлеуетті өнім берушінің растаушы құжаттарына сай келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер. Заңның 14-бабы 3 тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің, өнім берушінің біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпаратты беру фактісін анықтаған уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде: 1) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін анықталған болса, тапсырыс берушіні; 2) егер мұндай факт мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға дейін анықталған болса, ұйымдастырушыны, бірыңғай ұйымдастырушыны жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте жазбаша хабарламаға осы фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс. Осы орайда, Заңның 8-бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі: анық емес ақпаратты берген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.