Жануарлардан бруцеллезге қан алдыру міндетті ме?
Жануарларды бруцеллезге зерттеу ҚР АШМ 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес жоспарлы тәртіппен жүргізіледі. «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес жануарлардың иелері ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларының уақтылы диагностикасын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл аурудың таралуын болдырмау үшін қажет.