Ғимараттың, үй-жайдың қандай талаптары мен параметрлеріне сүйене отырып, өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарын әзірлеу талап етіледі? Бұрын эвакуация жоспары бөлменің күрделі конфигурациясы мен 1 есіктен асатын жағдайда жасалуы керек деген талап болған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына 1-қосымшаның 1-тармағына сәйкес бір уақытта қабатта 10-нан астам адам болған кезде адамдарды эвакуациялау жоспарлары ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) әзірленеді. Эвакуациялау жоспарын құру бойынша ұсыныстар осы қосымшада көрсетілген.