туралы хабардар етудi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қоғамдық талқылау жүргізу, экспозициялар мен көрмелер арқылы жергілікті ayдандардың (қалалардың) атқарушы органдары жүзеге асырады. Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы бекiтiлгенге дейiн жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуға, қоғамдық немесе жеке мүдделердi қозғайтын, қабылданатын шешiмдердi өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. Мемлекеттiк органдар жобаланатын объектілер, тiршiлiк ортасының және тiршiлiк ету әрекетінің жай-күйi және мемлекеттiк нормативтерге немесе бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, оған көзделіп отырған өзгерiстер туралы анық емес ақпарат берген (қол жеткiзiлуi шектеулi санатқа жатқызылмаған сұратылған ақпаратты беруден бас тартқан) жағдайда, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.Қала құрылысы, сәулет немесе құрылыс шешiмдерiн қабылдау кезiнде жеке және заңды тұлғалардың талқылауға қатысуы:
1) тiкелей қатысу;
2) өкілдiгi нысанында;
3) заңда тыйым салынбаған өзге де нысанда көрiнiс табады.
Егер сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi осы аумақта азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғаса, онда олардың:
1) заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын объектiлердi орналастыру, жобалау, салу (реконструкциялау) немесе пайдалануға беру туралы шешiмнiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюға;
2) заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен шектеу енгiзуге, тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ жобалар сараптамасының қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) субъектiлердiң немесе лауазымды адамдардың заңдарды немесе мемлекеттiк нормативтердi бұзуға жол беруiне байланысты азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы сотқа талап қоюға;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңдарды және мемлекеттiк нормативтердi бұзудың өзге де фактiлерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен жүгiнуге құқығы бар.
Мақсаты:
Азаматтардың қала құрылысы мен құрылысқа қатысу құқықтарын қорғау, шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Закон об архитектуре: BD%D0%BA%D1%82%D0%BE%D0%B2 |