Мемлекеттік сатып алудың қандай принциптері бар?
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарға негізделеді: 1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасының арақатынасын қамтамасыз ету арқылы жұмсау; 2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру арқылы жүзеге асырылады; 3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік қағидаттарына негізделеді; 4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы қағидаттарына негізделеді; 5) қазақстандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады; 6) мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жауапкершілігі; 7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, мүдделер қақтығысына жол бермеу; 8) орнықты мемлекеттік сатып алуды дамыту қағидаттарына негізделеді. Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы, 1-тармағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106