Сомасы 42500 теңге әлеуметтік төлемге келесі санаттағы азаматтар үміткер бола алады:
1) екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлерін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғаларды, мемлекеттік заңды тұлғаларды (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерін қоспағанда), сондай-ақ акцияларының және жарғылық капиталындағы үлесі 100% мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, жалақы сақталмайтын еңбек демалысы кезіндегі қызметкерлер;
2) жеке кәсіпкерлер;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар);
5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – БЖТ төлеуші).
Жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген және төлемге құқығы бар қызметкерлердің тізімін жұмыс берушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталдары арқылы ұсынады. Басқа санаттағылар төлем тағайындауға өтінішті өздері береді.
Жалдамалы қызметкер болып табылмайтын, төлем тағайындауға жататын азаматтар:
- egov.kz – «Электрондық үкіметтің» веб-порталы;
- 42500.enbek.kz порталы;
- «Электрондық үкімет» telegram-bot-ы арқылы өтініш бере алады.
Төлемдерді проактивті форматта тағайындау қарастырылуда. Қызметі шектелген болса, соңғы рет төлем алған азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту фактісін растау сұралады. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда, төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Олардың порталдарға өтініш беруінің қажеті жоқ, олар өз мәртебесін одан әрі қадағалай алады.
Біржолғы төлем қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табыстан толық айырылу фактісі жоқ адамдарға, оның ішінде:
1) жұмыс берушінің, жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғаның қызметі қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда;
2) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдарды қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысындағы немесе әлеуметтік демалыстағы сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес тоқтап тұрудың енгізілуіне байланысты жұмысынан босатылған адамдарға;
3) ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бірыңғай жиынтық төлем төлеу фактісі анықталмаған БЖТ төлеушілерге;
4) АҚС шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) табыс алатын, ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары түспеген жеке тұлғаларға;
5) зейнетақы жарналарын, мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылмаған адамдарға және Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс күшінің құрамына кірмейтін, Қазақстан Республикасы бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес карантиндік шектеу шаралары енгізілген кезеңде БЖТ төлеген адамдарға;
6) толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға;
7) біржолғы төлем алушының жоғалтылған табысы қалпына келтірілген жағдайда тағайындалмайды.
Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.