Тауар таңбасын тіркеу рәсмі?
Тауар таңбасын тіркеу үшін "ҰЗМИ" РМК-ға тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу Ережесінің 3-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.
adilet-alm
Тегін құқықтық заң көмегін алуға кім құқылы?
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңдарға сәйкес азаматтардың келесі санаттарына тегін заң көмегі көрсетіледі:
- Халықтың әлеуметтік осал топтары (I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және т.б.).
- Азаматтығы жоқ адамдар және қиын өмірлік жағдайдағылар.
- Қорғаушының қатысуы міндетті қылмыстық істер бойынша адвокатты мемлекет тағайындайды.
- Кәмелетке толмағандар, егер олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қажет болса. Тегін заң көмегін алу үшін азамат Халыққа қызмет көрсету орталығына, адвокаттар алқасына немесе Әділет департаментіне хабарласа алады.
Тауар таңбасын тіркеу рәсмі?
Тауар таңбасын тіркеу үшін "ҰЗМИ" РМК-ға тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу Ережесінің 3-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.
Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі қалай тіркеледі?
2020 жылдың 7 қаңтарында пәтер иелері кооперативтерінің 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап күшін жоятын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен меншіктің мүлік иелерінің бірлестігі(ММИБ) басады, бұл тұрғындарға үйді өз бетінше басқаруға мүмкіндік береді. Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі - бұл бір үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының иелері құрған заңды тұлға (коммерциялық емес ұйым). Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және шешімдер қабылдайды. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданады. ММИБ әділет органдарында тіркелуі және өзінің жарғысы болуы қажет. Жай серіктестік - барлық ортақ меншік иелерінің азаматтық-құқықтық шарт негізінде үйді бірлесіп басқаруы және күтіп ұстауы. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өз құрамынан бірлескен қызметке басшылық жасау үшін сенім білдірілген адамды айқындай алады, ол пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесі берген қарапайым жазбаша сенімхат негізінде әрекет етеді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 43-1 бабының 3 тармағына сәйкес, жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды. ММИБ тіркеу үшін мемлекеттік корпорация арқылы келесі құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру қажет: 1 АЕК мөлшерінде тіркеу төлемі туралы түбіртек; меншік иелері ММИБ құру және төрағаны сайлау туралы шешім қабылдаған жиналыстың хаттамасы. Жиналыс хаттамасы мен сауалнама парақтары ҚР ИИДМ-нің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес, типтік нысан бойынша дайындалуы қажет. Дауыс беру парақтары нөмірленіп, хаттамамен бірге тігілуі керек; Жарғы екі тілде, екі данада ұсынылуы керек. Негіз ретінде меншік иелері бірлестігінің типтік жарғысын алуға болады. Егер пәтер иелері өздерінің ММИБ жарғысын дербес әзірлеу туралы шешім қабылдаса, онда жарғыда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 44-2-бабында көрсетілген талаптар болуы қажет.
2026 жылдың 1 тоқсанында жиі қойылатын сұрақтар тізімі
2026 жылдың 1 тоқсанына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі № Мемлекеттік орган Жиі қойылатын сұрақ тар Қысқаша жауап Толық жауап НҚА-ға сілтеме Негізгі сөздер және хештегтер 1. ӘМ «Құқықтық актілер туралы» Заңға антидискриминациялық сараптама нормасын енгізу Нормативік – құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) жобалары бойынша кемсітушілікке қарсы сараптама жүргізу институтын енгізу артық болып табылады, өйткені қолданыстағы тетіктер мен нормашығармашылықтың кезеңдері азаматтардың құқықтарын шектейтін нормалардың қабылдануын алдын алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабына сәйкес ешкім өзiнiң шыққан тегiне, әлеуметтiк, қызметтік және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де жағдаяттарға қарай қандай да бір кемсітушілікке ұшырауға тиіс емес. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесін Қазақстан Республикасының Конституциясы, оған сәйкес келетін заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары құрайды. Конституция ең жоғары заңдық күшке ие және тікелей қолданылады. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 10-бабының 3-тармағында төмен тұрған деңгейдегі әрбір нормативтік құқықтық акт жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс екені көзделген. Осылайша, барлық нормативік – құқықтық актілері (бұдан әрі – НҚА) Конституцияға сәйкес болуы қажет. «Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес Әділет министрлігі НҚА жобалары бойынша оның Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ заң шығарушылық техникасына сәйкестігін тексеруді қамтитын құқықтық сараптама жүргізеді. Яғни, құқықтық сараптама барысында НҚА жобаларында кемсітушілік сипаттағы нормалардың бар-жоғы да тексеріледі. Бұдан бөлек, заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізіледі. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 30-бабына сәйкес ғылыми сараптама төмендегілер үшін жүргізіледі: 1) жобаның сапасын, негізділігін, өзектілігін, заңдылығын, сондай-ақ онда Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау; 2 ) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау; 3) жобаны нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдаудың мүмкін болатын теріс салдарын анықтау. Жүргізілетін сараптама барысында Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, оның ішінде кемсітушілік сипаттағы нормалар бойынша ескертпелер анықталады. Сонымен бірге, әзірленген НҚА «Ашық НҚА» порталында жария талқылаудан өтеді, сәйкесінше азаматтар мен ұйымдар өз ұстанымын білдіре алады, оның ішінде азаматтардың құқықтарын шектейтін нормалар болған жағдайда пікір қалдыруға құқылы. Жалпы, нормашығармашылық қызметі көпсатылы әрі дәйекті үдеріс болып табылады. НҚА заңнаманы, халықаралық тәжірибені талдау негізінде, мақсатты топтармен талқылау, мемлекеттік органдармен келісу арқылы әзірленеді. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, НҚА жобалары бойынша антидискриминациялық сараптама институтын енгізу артық деп санаймыз, өйткені қолданыстағы тетіктер мен нормашығармашылық кезеңдері азаматтардың құқықтарын шектейтін нормалардың қабылдануына жол бермеуге мүмкіндік береді. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес жоғарыда баяндалған түсіндіру міндетті заңдық күшке ие емес және ұсынымдық сипатта болады. Мысалы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атына зейнеткерлерден нормативтік құқықтық актілерге антидискриминациялық сараптаманы енгізу мәселесіне қатысты жаппай өтініштер келіп түсті. Министрлік өз құзыреті шеңберінде «Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамасына және заң техникасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізілетінін түсіндірді. Сонымен қатар, заң жобалары бойынша реттелетін қоғамдық қатынастарға байланысты ғылыми құқықтық сараптама жүргізіледі, оның барысында, соның ішінде, кемсітушілік сипаттағы нормалар да анықталады. Осыған байланысты Министрлік антидискриминациялық сараптаманы жеке енгізуді артық деп санайды, өйткені қолданыстағы нормашығармашылық тетіктер азаматтардың құқықтарын шектейтін нормалардың қабылдануына жол бермеуге мүмкіндік береді. ҚР Құқықтық актілер туралы http://adilet.zan.kz/kaz/ Нормашығармашылық, антидискриминациялық сараптама 2. ӘМ Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау «Құқықтық актілер туралы» Заңның 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланым көзі болып табылады. «Құқықтық актілер туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 53-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі – НҚА) мемлекеттік есебі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін (бұдан әрі – ЭКБ) жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Осы ретте, Заңның 37-бабына сәйкес ЭКБ НҚА-ның ресми жарияланым көзі болып табылады. Демек, ЭКБ-де жарияланған НҚА олардың ресми мәтіндері болып саналады. Заңның 60-бабына сәйкес жоғарыда баяндалған түсіндіру міндетті заңдық күшке ие емес және ұсынымдық сипатта болады. Мысалы: Заң жобасын әзірлеу заң шығару бастамасынан басталады. Заң шығару бастамасы құқығы Президентке, Құрылтай депутаттарына және Үкіметке тиесілі. Бұдан әрі уәкілетті мемлекеттік орган заң жобасын немесе оған енгізілетін түзетулерді әзірлейді және оны мемлекеттік органдармен келісуге, сондай-ақ міндетті сараптамаларды жүргізуге жібереді: ғылыми-құқықтық, ғылыми-лингвистикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қажет болған жағдайда экономикалық («Құқықтық актілер туралы» Заңның 30-бабына сәйкес). Сараптамалар жүргізілгеннен кейін заң жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылауға шығарылады. Егер ол кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты болса, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және сараптамалық кеңестермен міндетті талқылау жүргізіледі. Одан кейін жоба құқықтық сараптамадан өтеді, ескертулерді ескере отырып пысықталады және мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін Парламентке енгізіледі. Парламентте заң жобасы депутаттардың қатысуымен жұмыс топтары шеңберінде қаралады. Қабылданғаннан кейін заң Президентке қол қою үшін жіберіледі. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер олардың ресми жарияланғанынан кейін ғана күшіне енеді («Құқықтық актілер туралы» Заңның 37 және 42-баптары). Ресми жариялау нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде (ЭҚБ) электрондық түрде жүзеге асырылады. ЭҚБ — бұл нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген мәліметтерді қамтитын, электрондық нысандағы бірыңғай жүйе. Сондай-ақ ресми жариялау баспа басылымдарында — «Парламент Жаршысы» және «Президент пен Үкімет актілерінің жинағында» жүзеге асырылады. ҚР Құқықтық актілер туралы http://adilet.zan.kz/kaz/ Нормащығармашылық, нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау ӘМ Соттардағы процестік өкілдік етуге қатысты Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, әкім немесе әкімдік берген сенімхат болған жағдайда, мұндай мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің әкімнің немесе әкімдіктің мүдделерін білдіру мақсатында сот процестеріне қатысуы қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді. Бұл ретте өкілдің өкілеттіктерін бағалау және процестік заңнама талаптарының сақталуы әрбір нақты жағдайда сотпен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 57-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өз істерін сотта жеке өзі немесе өкілдер арқылы жүргізуге құқылы. АПК-нің 58-бабында өкіл ретінде іске қатысу тиісті түрде ресімделген өкілеттіктер болған кезде жол берілетіні көзделген. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 1-бабының 5) тармақшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме болып айқындалады. Мысал ы : Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға әкімдік оның функцияларын іске асыру жөніндегі өкілеттіктер береді, бұл оларға жүктелген құзырет шеңберінде тиісті әрекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігін білдіреді. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, әкім немесе әкімдік берген сенімхат болған жағдайда, мұндай мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің әкімнің немесе әкімдіктің мүдделерін білдіру мақсатында сот процестеріне қатысуы қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді. Бұл ретте өкілдің өкілеттіктерін бағалау және процестік заңнама талаптарының сақталуы әрбір нақты жағдайда сотпен жүзеге асырылады. Азаматтық процестік кодекс https://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000377 Заң «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z010000148_ Өкілдік ету, сенімхат ӘМ Әкімдіктер мен басқармалардың құқықтық мәртебесіне қатысты Осылайша, барлық аталған органдар бір жүйе шеңберінде жұмыс істейді, алайда олардың құқықтық мәртебесі әртүрлі. Әкімдік – жергілікті атқарушы орган болып табылады және жергілікті атқарушы билік атынан шешімдер қабылдайды. Басқармалар, өз кезегінде, осы шешімдердің тиісті бағыттар бойынша жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді және әкімдік берген өкілеттілік негізінде әрекет етеді. Сондықтан, басқармалар жергілікті атқарушы органдар қызметі шеңберінде жұмыс істесе де, олар әкімдік ретінде жергілікті атқарушы орган болып саналмайды. Бұрын Әділет министрлігі (2026 жылғы 30 қаңтардағы № ЖТ-2026-00289506 хат) жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) , сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың құқықтық мәртебесіне байланысты түсіндірме берген. Атап айтқанда, әкімдік (жергілікті атқарушы орган) – бұл облыс, республикалық мәні бар қала мен астана, аудан (облыстық мәні бар қала) әкімінің басшылығымен жұмыс істейтін коллегиялық атқарушы орган болып табылады, ол өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңның 1-бабының 4) тармақшасы, бұдан әрі – Заң) , ал басқармалар (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) – әкімдікке жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекемелер болып табылады және олар тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады (Заңның 1-бабының 5) тармақшасы) . Мысалы: Жергілікті атқарушы органдар жүйесіне әкімдік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар кіреді, олар тиісті аумақта мемлекеттік басқарудың жекелеген бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, әкімдік – тәуелсіз коллегиялық жергілікті атқарушы орган болып табылады, ол жергілікті атқарушы билік атынан шешімдер қабылдайды. Басқармалар, өз кезегінде, әкімдік тарапынан жекелеген функцияларды орындау үшін құрылып, уәкілеттілік беріліп, берілген құзырет шегінде әрекет етеді. Осылайша, барлық аталған органдар бір жүйе шеңберінде жұмыс істейді, алайда олардың құқықтық мәртебесі әртүрлі. Әкімдік – жергілікті атқарушы орган болып табылады және жергілікті атқарушы билік атынан шешімдер қабылдайды. Басқармалар, өз кезегінде, осы шешімдердің тиісті бағыттар бойынша жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді және әкімдік берген өкілеттілік негізінде әрекет етеді. Сондықтан, басқармалар жергілікті атқарушы органдар қызметі шеңберінде жұмыс істесе де, олар әкімдік ретінде жергілікті атқарушы орган болып саналмайды. Заң «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z010000148_ Жергілікті мемлекеттік басқару, басқарма, құқықтық мәртебе. 5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қалада (атауы) / (облыс атауы) сараптама мамандығының белгілі бір түрі бойынша жеке сот сарапшылары бар ма? Сот сарапшылары туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімінде қамтылады. Лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін Республикалық сот сарапшылары палатасы үйлестіреді. Республика бойынша Палатаның 8 филиалы бар. «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес сот сараптамасын жүргізу: 1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне, 2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғаларға, 3) Заңда көзделген жағдайларда біржолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін. «Сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңының 15-бабына сәйкес сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензиясы бар адамдар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімінде қамтылған, онымен Сіз Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.gov.kz ресми сайтында таныса аласыз (тізілімдер бөлімі -> сот сарапшыларының тізілімі кіші бөлімі). Лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін Республикалық сот сарапшылары палатасы үйлестіреді. Республика бойынша Палатаның 8 филиалы бар (1. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша; 2. Астана қаласы бойынша; 3. Шығыс аймағы; 4. Солтүстік аймақ; 5. Батыс аймақ; 6. Қарағанды облысы бойынша; 7. Оңтүстік аймақ; 8. Павлодар қаласы және Павлодар облысы бойынша). Палата мүшелері туралы ақпарат Палатаның www.rpse.kz сайтында қамтылған (оның ішінде өңірлер және сараптамалық мамандық түрлері бөлінісінде). «Сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңының 19-бабы Жеке сот сарапшылары, лицензия, сот сараптамасы. 6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сарапшысының қорытындысына шағымдануға бола ма? Сарапшының қорытындысы сот бағалайтын дәлелдеме болып табылады және келіспеген кезде тараптар қосымша немесе қайталама сараптамалар тағайындау туралы өтінішхат бере алады. Сарапшының қорытындысы дәлелдеме болып табылады және оны сараптаманы тағайындаған сот немесе орган бағалайды. Онымен келіспеген жағдайда тараптар ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 90-бабына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 287-бабына сәйкес қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі Қорытындыға шағым жасау, қайталама сараптама, қосымша сараптама. 7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сараптама жүргізу шығындарын кім төлейді? Шығындар процестік шығындарға жатады. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 108-бабына сәйкес өтінішхатты мәлімдеген тарапқа жүктеледі (егер сот басқаша шешпесе). ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 178-бабына сәйкес процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Егер іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында аяқталған болса, тергеу судьясы прокурордың ұсынуы бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені қарайды. Процестік шығындарды сот күдіктіге, айыпталушыға, сотталған адамға жүктеуі немесе мемлекет есебінен қабылдауы мүмкін. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі Сараптама шығындары, процестік шығындар. 8. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығында сот сараптамаларының қандай түрлері жүргізіледі? Сараптаманың 31 түрі бойынша 58 сараптамалық мамандық жүргізіледі. ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығында сот сараптамаларының кең спектрі жүзеге асырылады. Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және олар бойынша біліктілік берілетін сараптамалық мамандықтардың тізбесіне сәйкес ( ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығы) сараптаманың 31 түрі бойынша 58 сараптамалық мамандық жүргізіледі. ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 бұйрығы Сот сараптамаларының түрлері, Сот сараптамалары орталығы 9. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сарапшысы сараптама жүргізуден бас тарта ала ма? Иә, егер сараптамалық зерттеуге қажетті жағдайлар болмаса. ҚР «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңының 40-бабына сәйкес егер сот сарапшысы (сот сарапшылары) зерттеу жүргізгенге дейін оның алдына қойылған сұрақтар оның арнайы білімінің шегінен шығып кететініне немесе оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екендігіне және оларды толықтыру мүмкін еместігіне не ғылым мен сараптамалық практиканың жай-күйі қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көз жеткізсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы уәжді хабарлама жасайды және оны өзінің қолымен және жеке мөрімен куәландырады. ҚР «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңының 40-бабы Сараптама жүргізуден бас тарту 10. ӘМ (ЗҚАИ) Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының лингвистика орталығы қандай сараптама жүргізеді? Лингвистика орталығы заңнамалық актілер (заңдар, кодекстер) жобаларына және халықаралық шарттар жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізеді. Сараптама: құқықтық терминологияның дұрыстығы мен біркелкілігін (қазақ және орыс тілдерінде); тұжырымдардың айқындылығын, қисындылығын және грамматикалық дұрыстығын; екіұштылық пен стилистикалық қателіктердің болмауын; мәтіндердің түпнұсқалығы мен дәйектілігін тексеруді қамтиды. Лингвистика орталығы Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның негізгі міндеті-міндетті ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу арқылы нормативтік құқықтық актілер тілінің жоғары сапасын қамтамасыз ету. Бұл процедура көптеген заң жобалары мен халықаралық шарттар үшін міндетті болып табылады. Сараптама, мәтіндерді лингвистикалық тұрғыдан тексеру мақсатында жүргізіледі. Сарапшылар тұжырымдардың дұрыстығын талдайды, сондықтан нормалар анық, дәл, бір мәнді және әртүрлі түсіндірулерге жол бермейді. Мемлекеттік (қазақ) және орыс тілдеріндегі мәтіндердің сәйкестігіне ерекше назар аударылады. Сараптама шеңберінде құқықтық терминологияны қолданудың дұрыстығы мен біркелкілігі (екі тілдегі ресми сөздіктер мен стандарттарға сәйкестігі, терминдердегі сәйкессіздіктерді жою); тұжырымдардың айқындылығы, логикасы, грамматикалық және стилистикалық дұрыстығы (дұрыс синтаксис, пунктуация, қажетсіз күрделіліктің болмауы); құқықтық мағынаны бұрмалауы мүмкін екіұштылықтардың, қайшылықтардың немесе қателіктердің болмауы; толық қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің түпнұсқалығы мен семантикалық сәйкестігі (бір нұсқа екіншісіне қайшы келмеуі үшін); мемлекеттік тіл нормаларын сақтау, әсіресе қазақ тіліндегі мәтіннің сапасы басымдыққа ие. Сараптама объектілері: заңнамалық актілердің жобалары (Заңдар, Кодекстер және басқа да нормативтік-құқықтық актілер); ратификациялауға немесе қосылуға жататындарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобалары; жекелеген жағдайларда уәкілетті органдардың тапсырмасы бойынша басқа да нормативтік құжаттар болып табылады. Негізгі сараптамадан басқа Орталық қосымша қызметпен айналысады: сараптама жүргізу әдістемелерін әзірлейді және жетілдіреді, құқықтық лингвистика саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді, заң терминологиясын біріздендірумен және жүйелеумен айналысады, ескертулерді жою үшін әзірлеуші мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Лингвистика орталығы қазақстандық заңнаманың сапасын арттыруда шешуші рөл атқарады: ол болашақта нормалардың дұрыс қолданылмауына, дауларға немесе сот түсіндірмелеріне әкеп соғуы мүмкін тілдік және терминологиялық тәуекелдерді барынша азайтады. Сараптама Қазақстан Республикасының Конституциясына (Конституция мен заңдардың үстемдігі туралы бап, Мемлекеттік тіл туралы бап) сәйкес; «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу», сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларының 67-тармағымен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. #лингвистикалық сараптама 11. ӘМ (ЗҚАИ) Нормативтік құқықтық актілер (заң жобалары) жобалары мен халықаралық шарттар жобалары мәтінінің сапасын қамтамасыз етуге қандай субъектілер жауапты? Заң жобасы мәтінінің және халықаралық шарттар жобаларының сапасына, сондай – ақ қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің сәйкестігі мен түпнұсқалығына тиісті жобаны дайындаған әзірлеуші мемлекеттік орган жауапты болады. Заң жобалары мен халықаралық шарттар жобалары мәтінінің сапасына (тұжырымдамалардың дәлдігін, айқындылығын, қисындылығын, екіұштылықтың жоқтығын, терминологияның дұрыстығын және мемлекеттік (қазақ) және орыс тілдеріндегі мәтіндердің сәйкестігін қоса алғанда) негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік орган – яғни тиісті жобаны дайындауға және әзірлеуге бастамашылық жасаған министрлік, государственный орган немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік орган. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңына (17, 33-баптар және т. б.) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына (ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген) сәйкес әзірлеуші мыналарды қамтамасыз етуге міндетті: нормативтік құқықтық актінің тілі мен стилінің жоғары сапасын; құқықтық терминологияны қолданудың біркелкілігі мен дұрыстығын; қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің толық семантикалық сәйкестігі мен түпнұсқалығын; норманың дұрыс қолданылуына әсер етуі мүмкін қайшылықтардың, түсініксіздіктердің және стилистикалық қателіктердің болмауын. Жобаны дайындау кезеңінде әзірлеуші орган сараптамалардың барлық қажетті түрлерін, оның ішінде: ғылыми лингвистикалық сараптаманы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы; құқықтық сараптаманы; заңнамаға сәйкес сараптамалардың өзге де түрлерін дербес ұйымдастырады. Сараптамалардың қорытындыларын алғаннан кейін әзірлеуші анықталған барлық ескертулерді жоюға міндетті. Осылайша, бастапқы және негізгі жауапкершілік әзірлеуші органға жүктеледі. Лингвистика орталығы (басқа сараптамалық органдар сияқты) қорытынды мен ұсыныстар береді, бірақ түпкілікті мәтін үшін жауап бермейді – ол тек жүргізілген сараптаманың сапасы мен объективтілігіне жауап береді. Жауапкершілік Қазақстан Республикасының Конституциясына (Конституция мен заңдардың үстемдігі туралы бап, Мемлекеттік тіл туралы бап) сәйкес; «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу», сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларының 67-тармағымен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығына сәйкес міндеттеледі. #заң жобасы #халықаралық шарттар 12. ӘМ (ЗҚАИ) Тегін кеңес алу үшін Құқықтық ақпараттық қызметке қалай хабарласуға болады? Тегін құқықтық консультацияны Құқықтық ақпараттық қызметке (бұдан әрі – ҚАҚ бойынша) жүгіну арқылы алуға болады: 1. Телефония 8 (7172) 58-00-58 (тәулік бойғы консультациялар, Астана қаласынан тегін қоңырау шалу, байланыс операторларының тарифтері бойынша ұялы телефоннан 87172580058 нөміріне қоңырау шалу); 2. Виртуалды ассистент (Web-қоңыраулар QR кодын сканерлеу арқылы Е-Заң көмек порталы және «Әділет» АҚЖ сайты арқылы тегін жүзеге асырылады); 3. WhatsApp онлайн мессенджері (жазбаша консультациялар нөмір бойынша көрсетіледі +7 708 693 5631); 4. «Әділет» АҚЖ «Онлайн консультанты» виджеті (сұраныс бойынша ҚАҚ оператор-консультанттары толтыратын білім базасын пайдалана отырып, автоматты түрде консультациялар беру); 119kenesbot жеделхатта (ҚАҚ кеңесші-операторлары толтыратын білім базасын пайдалана отырып, сұраныс бойынша автоматты түрде кеңес беру). Құқықтық ақпараттық қызмет (бұдан әрі-ҚАҚ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 5 бұйрығына сәйкес құрылды. Қызмет «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК базасында жұмыс істейді және халықтың құқықтық сауаттылығын, құқықтық санасы мен мәдениетін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың білікті заң көмегіне тегін қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. 24/7 ҚАҚ арқылы түскен азаматтардың өтініштері бойынша құқықтық кеңес береді: 1. Телефония 8 (7172) 58-00-58 (тәулік бойғы консультациялар, Астана қаласынан тегін қоңырау шалу, байланыс операторларының тарифтері бойынша ұялы телефоннан 87172580058 нөміріне қоңырау шалу); 2. Виртуалды ассистент (Web-қоңыраулар QR кодын сканерлеу арқылы Е-Заң көмек порталы және «Әділет» АҚЖ сайты арқылы тегін жүзеге асырылады); 3. WhatsApp онлайн мессенджері (жазбаша консультациялар нөмір бойынша көрсетіледі +7 708 693 5631); 4. «Әділет» АҚЖ «Онлайн консультанты» виджеті (сұраныс бойынша ҚАҚ оператор-консультанттары толтыратын білім базасын пайдалана отырып, автоматты түрде консультациялар беру); 5. «Әділет» АҚЖ «Құқықтық консультация» бөлімі; 6. 119kenesbot жеделхатта (ҚАҚ кеңесші-операторлары толтыратын білім базасын пайдалана отырып, сұраныс бойынша автоматты түрде кеңес беру). - Консультациялар қызметтің үнемі жаңартылып отыратын білім базасы негізінде ұсынылады. Сонымен қатар, ҚАҚ халықты құқықтық ақпараттандыру бойынша іс-шараларды, соның ішінде құқықтық сауаттылық бойынша онлайн-курстарды және жиі қойылатын сұрақтар тізімін жаңартуды жүзеге асырады. Қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық түсіндіру саласындағы негізгі құралдарының бірі болып табылады және елімізде тәулік бойы тегін консультация беру форматы бойынша баламасы жоқ. «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы әділет органдарының міндеттерінің бірі құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы және ҚР Әділет министрлігінің Жауапты хатшысының 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 5 бұйрығы. #кеңес #заң көмегі #құқықтық кеңес 13. ӘМ (ЗҚАИ) Құқықтық ақпараттық қызмет қандай кесте бойынша жұмыс істейді? Құқықтық ақпараттық қызмет (бұдан әрі — Қызмет) тәулік бойы, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн (24/7) жұмыс істейді. Қызмет азаматтардың тәуліктің кез келген уақытында құқықтық консультацияға үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, үзіліссіз, демалыс және мереке күндерінсіз жұмыс істейді. Құқықтық ақпараттық қызмет (бұдан әрі — Қызмет) тәулік бойы, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн (24/7) жұмыс істейді. Қызмет азаматтардың тәуліктің кез келген уақытында құқықтық консультацияға үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, үзіліссіз, демалыс және мереке күндерінсіз жұмыс істейді. Сіз қызметке келесі жолдармен жүгіне аласыз 1. Телефония 8 (7172) 58-00-58 (тәулік бойғы консультациялар, Астана қаласынан тегін қоңырау шалу, байланыс операторларының тарифтері бойынша ұялы телефоннан 87172580058 нөміріне қоңырау шалу); 2. Виртуалды ассистент (Web-қоңыраулар QR кодын сканерлеу арқылы Е-Заң көмек порталы және «Әділет» АҚЖ сайты арқылы тегін жүзеге асырылады); 3. WhatsApp онлайн мессенджері (жазбаша консультациялар нөмір бойынша көрсетіледі +7 708 693 5631); 4. «Әділет» АҚЖ «Онлайн консультанты» виджеті (сұраныс бойынша ҚАҚ оператор-консультанттары толтыратын білім базасын пайдалана отырып, автоматты түрде консультациялар беру); 5. «Әділет» АҚЖ «Құқықтық консультация» бөлімі; 119kenesbot жеделхатта (ҚАҚ кеңесші-операторлары толтыратын білім базасын пайдалана отырып, сұраныс бойынша автоматты түрде кеңес беру). «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы әділет органдарының міндеттерінің бірі құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы және ҚР Әділет министрлігінің Жауапты хатшысының 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 5 бұйрығы. #кеңес #заң көмегі #құқықтық кеңес 14. ӘМ (ЗҚАИ) Нормативтік актінің ағымдағы құқықтық мәртебесі қалай анықталады? Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі (бұдан әрі - ҚР НҚА ЭКБ) порталында актінің мәртебесі көрінеді, қажет болған жағдайда қысқаша мазмұнында оның күші жойылды деп танитын НҚА деректемелері бар жазба орналастырылады. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілердің жекелеген бөліктерінің күші жойылды деп танылған не олардың қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде олардың мәтініне енгізілетін нормалардың тұжырымын, сондай-ақ актінің нысаны, қабылданған күні мен нөмірі туралы ақпарат нақты көрсетілетін белгілер енгізіледі. Нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылған не оның қолданылуы белгiлі бiр мерзiмге тоқтатыла тұрған кезде Мемлекеттiк тiзiлiмге тиiстi жазбалар және Эталондық бақылау банкіне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актінің электрондық мәтініне тиiстi нормативтiк құқықтық актіге сiлтеме жасай отырып, оның күшi жойылды деп тану не қолданылуын тоқтата тұру туралы белгi жасалады. Кеңейтілген іздеуде сіз олардың жағдайы бойынша актілерді таңдай аласыз: жаңа, қолданысы тоқтата тұрады, жаңартылған, қолданысы тоқтатылған, күші жойылған. Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V «Құқықтық актілер туралы» 37 және 53-баптар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 265) тармақша, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларының 16 және 17-тармақтарына сәйкес #күші жойылған акт #нормативтік актінің мәртебесі
Кешенді әлеуметтік заң көмегі дегеніміз не?
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға, клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін өтеусіз заң көмегін шартқа сәйкес көрсету кешенді әлеуметтік заң көмегі болып табылады. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін заң консультанттарының палаталары, Республикалық адвокаттар алқасы белгілейді. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберіледі. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету әлеуметтік жауапкершілікті іске асыру нысандарының бірі болып табылады және ерікті түрде жүзеге асырылады. Кешенді әлеуметтік заң көмегі мыналарға: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға; 2) атаулы әлеуметтік көмекке құқығы бар адамдарға; 3) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға; 3-1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; 4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға; 5) жасына байланысты зейнеткерлерге; 6) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға; 7) алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 8) мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға көрсетілуі мүмкін. Кешенді әлеуметтік заң көмегі азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде кәсіпкерлік қызметке байланысты даулар бойынша көрсетілмейді. Мемлекет кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды ынталандырады.
Әділет органдарының құқықтық түсіндіру жұмысының негізгі мақсаты?
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңдардың сақталуын қамтамасыз ету, құқытары мен заңды мүдделерін қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Заң кеңесшісі қандай қызмет көрсетеді?
Кеңес беру, құқықтық қорытындылар дайындау, құжаттарды әзірлеу және сараптау (келісімшарттар, талаптар, жергілікті актілер), қызметті құқықтық талдау, мүдделерді білдіру (заң шеңберінде).
Заң кеңесші мен адвокаттың айырмашылығы неде?
Заң кеңесшісі заңгер емес; оның адвокат мәртебесі жоқ, бірақ өз біліктілігі шеңберінде заңгерлік көмек көрсетеді, ал адвокат – лицензиясы бар және заңмен неғұрлым тар реттелетін заң қызметі шеңберінде әрекет ететін маман.
Авторлық құқық қанша уақытқа жарамды?
Авторлық құқық автордың өмір бойы және қайтыс болғаннан кейін 70 жыл бойы сақталады. Бірлескен авторлармен жасалған туындыға авторлық құқық автордың өмір бойы және соңғы аман қалған автор қайтыс болғаннан кейін 70 жыл бойы сақталады.