Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі;
2) жасына байланысты зейнетақы төлемдері;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
5) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері;
6) зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері түріндегі зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
Бір мезгілде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар адамдарға олардың қалауы бойынша зейнетақы төлемдерінің осы түрлерінің біреуі тағайындалады.
Базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысудың нақты өтілі).
Міндетті жарналарды жүзеге асыру кезеңі міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы орталықтандырылған деректер базасының мәліметтерімен расталады.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жыл болған кезде базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТКД) 70% - на 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақы мөлшері 2% – ға ұлғаяды.
Зейнетақы төлемі (ынтымақты) еңбек өтіліне (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 6 ай қажет) және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа байланысты.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді. |