Қала аумағында билбордтар орналастыруға жәрдемдесу мәселесі қалай реттеледі?

    almobl-sayasat

    almobl-sayasat·
    Сұрақ

    Қала аумағында билбордтар орналастыруға жәрдемдесу мәселесі қалай реттеледі?

    Жауап

    Жарнаманы орналастыру тәртібі заңмен реттеледі, сұрау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне сәйкес қаралады.

    Халықаралық деңгейде өткізілетін жоба туралы жарнаманы орналастыру туралы сіздің ұсынысыңыз бойынша "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 Заңының 11-бабының 2-1-тармақшасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте орналастырылады. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне, хабарлама жолымен орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.

    Бұдан басқа, ОБЛЫСТЫҢ ақпараттық кеңістігінде жоғарыда аталған БАҚ көздері арқылы қолдау, оның ішінде брифингтер өткізу бойынша іс-шаралар өткізілетін болады.

    Жарнама туралы

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы.

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000508_

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Этно-мәдени бірлестіктердің мәдениет пен дәстүрді насихаттауға, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараларына қолдау көрсету тәртібі қандай?

    Жауап

    Іс-шараларға қолдау көрсету мәселесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады және басқарма құзыреті шегінде жүзеге асырылады. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы этно-мәдени бірлестіктердің мәдениет пен дәстүрді насихаттауға, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған бастамаларын қолдау туралы өтініштерді заңнамаға сәйкес қарайды. Іс-шараны өткізу орны мен уақытына байланысты жергілікті мәдениет мекемелеріне ресми түрде өтініш беру талап етіледі, себебі іс-шаралар бекітілген кезек тәртібімен жоспарланады. Жергілікті атқарушы органдарға (аудан/қала әкімдігіне) қажетті ұйымдастырушылық қолдау көрсету туралы ұсыныс жолданады. Халықаралық немесе өңірден тыс іс-шаралар жоспарланған жағдайда, толық бағдарлама, қатысушылар тізімі және қажеттіліктер туралы ақпарат алдын ала ұсынылуы тиіс. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы этно-мәдени бірлестіктердің мәдениет пен дәстүрді насихаттауға, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған бастамаларын қолдау туралы өтініштерді заңнамаға сәйкес қарайды. Іс-шараны өткізу орны мен уақытына байланысты жергілікті мәдениет мекемелеріне ресми түрде өтініш беру талап етіледі, себебі іс-шаралар бекітілген кезек тәртібімен жоспарланады. Жергілікті атқарушы органдарға (аудан/қала әкімдігіне) қажетті ұйымдастырушылық қолдау көрсету туралы ұсыныс жолданады. Халықаралық немесе өңірден тыс іс-шаралар жоспарланған жағдайда, толық бағдарлама, қатысушылар тізімі және қажеттіліктер туралы ақпарат алдын ала ұсынылуы тиіс. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000148_

    almobl-sayasat·
    Сұрақ

    «ERKE MEDIA» телесериалы бойынша ақпараттық қолдау көрсетуге бола ма?

    Жауап

    Ұсыныс заңнамаға сәйкес қаралып, ақпараттық қолдау тетіктерін қолдану мүмкіндігі қаралады. Телевизиялық контентті жариялау, ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру материалдарын тарату «Масс-медиа туралы» заңға сәйкес жүзеге асырылады. Басқарма ұсынылған жоба бойынша ақпараттық материалдарды БАҚ-та орналастыру мүмкіндігін қарастырады. Масс-медиа туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000093

    almobl-sayasat·
    Сұрақ

    «IQanat» республикалық олимпиадасы бойынша өңірде ақпараттық қолдау көрсетуге бола ма?

    Жауап

    Ұсыныс қолдау шеңберінде қаралып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы «IQanat» олимпиадасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі сұрауды қарап, ұсыныста көрсетілген іс-шараларды қолдау мүмкіндігін назарға алғанын хабарлайды. Қажетті ақпараттық материалдар жергілікті БАҚ арқылы жарияланып, өңір тұрғындарына жеткізіледі. Масс-медиа туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000093

    almobl-sayasat·
    Сұрақ

    Баспасөзге 2026 жылға жазылу науқаны аясында газет-журналдардың таралуын арттыруға қолдау көрсетуге бола ма?

    Жауап

    Ұсыныс назарға алынып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады. Басқарма өңірдегі ақпараттық саясат шеңберінде бұл мәселені заңнамаға сәйкес зерделейді және қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдарға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға ұсыныстар береді. Газеттің өңірде кеңінен таралуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ақпараттық қолдау тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Масс-медиа туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000093

    almobl-sayasat·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.