Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша?
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар (Өткен тоқсандағы отбасының бір мүшесіне-22792 теңге). Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша тұрақты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжатпен жүгіну немесе "электрондық үкіметтің"E-gov веб-порталы арқылы жүгіну қажет. Жүгінген кезде сізге толық консультация беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) туралы мәселе қаралатын болады.