Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мүмкін бе?
-Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мәселесі бекітілген жоспарлар мен бюджетке сәйкес қаралады. Егер аула ортақ пайдалану аумағы болса – жергілікті әкімдік арқылы шешіледі. Егер жер кондоминиумға (үйге) тиесілі болса – тұрғындардың келісімі міндетті. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылдысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағына сәйкес Обьектілердің және олардың кешендерінің құрылысы «реконструакциялау, қалпына келтіру, кеңейту, технкалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау (жобалық сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Мамандар аумақты қарап, инженерлік желілерге кедергі жоқ екенін тексереді және жоба жасайды. Рұқсат берілген соң мердігер ұйым жолды салады.