Заңды тұлғадан облыстық бюджетке түскен ақшалай қаражат бойынша ақпарат беру туралы сұрау түсті
Ақпарат өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдері шеңберінде толық көлемде берілген.
kostanai-karzhy
Коммуналдық мүлікті сату
Коммуналдық мүлікті сату ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Сатылатын мүлік туралы ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ( www.gosreetr.kz) орналастырылады. Сауда-саттыққа қатысу үшін ЭЦҚ пайдаланумен www.gosreetr.kz веб-порталында тіркелу қажет. Сауда-саттық аукцион (бағаны көтеруге және азайтуға) және тендер (шарттармен сату кезіңде) нысанында өтеді. Ең жоғарғы бағасын ұсынған жеңімпаз болып танылады. Сауда – саттық нәтижелері бойынша электрондық шарт жасасылады.
Заңды тұлғадан облыстық бюджетке түскен ақшалай қаражат бойынша ақпарат беру туралы сұрау түсті
Ақпарат өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдері шеңберінде толық көлемде берілген.
Азаматтан сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлікке құқықтарды беру мәселесі бойынша өтініші түсті
Қостанай облысы әкімдігінің «Сыйға тарту шартын жасасу және облыстық коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау туралы» қаулысы қабылданды.
Азаматтан жергілікті бюджетке артық төленген соманы қайтаруға қатысты «Е-өтініш» АЖ арқылы өтініш түсті
Қорытындылар негізінде мәселе оң шешілді, артық төленген соманы толық көлемде қайтару жүргізілді.
Қостанай облысының облыстық бюджетке қате төленген сомалар
Облыстық бюджетке салық емес түсімдердің қате төленген сомаларды қайтаруды (есебін) жүргізу үшін мемлекеттік органға өтінішпен жүгіну.
Қостанай облысының облыстық бюджетке келіп түскен сомаларды растау
Қазынашылық органның ведомствоның 2-43 нысаны сәйкес облыстық бюджетке түскен түсімдерді растау үшін мемлекеттік органға өтінішпен жүгіну
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға пайдалануға коммуналдық мүлікті беру
Коммуналдық мүлік жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға пайдалануға мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға беріледі. Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға беру тәртібі Ұлттық экономика министрлігінің 2012 жылғы 17 наурыздағы №212 және 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрықтарымен айқындалды. Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ( www.gosreetr.kz ) сенімгерлік басқаруға немесе жалдауға берілетін мүлік туралы мәліметтер орналастырылады және беру бойынша сауда-саттық өткізіледі. Сауда-саттыққа қатысу үшін ЭЦҚ пайдаланумен www.gosreetr.kz веб-порталында тіркелу қажет. Сауда-саттық нәтижелері бойынша электрондық шарт жасасылады, онда сенімгерлік басқаруға беру шарты немесе жалдау ақысының көлемі ескертіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың коммуналдық меншігіне мүлікті қабылдау
Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар Үкіметтің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 қаулысымен бекітілген сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидаларына сәйкес меншік құқығындағы оларға жататын мүлікті береді. Мәселен, қағидаға сәйкес мүлік иесі ЖАО құқық белгілейтін құжаттарды және мүліктің құны туралы мәліметтерді қоса бере отырып, мүлікті коммуналдық меншікке беру туралы ұсыныспен жүгінеді. ЖАО мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы оң нәтиже болған жағдайда, сыйға тарту шарты және мүлікті қабылдау-беру актісі жасасылады.