Аутопсия не үшін жасалады? Ол міндетті ме?

    atyrau-zhylyoy

    atyrau-zhylyoy·
    Сұрақ

    Аутопсия не үшін жасалады? Ол міндетті ме?

    Жауап

    - Аутопсия — қайтыс болған адамның ішкі ағзаларын зерттеу арқылы өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында жүргізіледі.

    Ол келесі жағдайларда қажет:

    • тірі кезінде нақты диагноз қойылмаған болса
    • өлім күмәнді жағдайда болса
    • медициналық қателіктерді жоққа шығару үшін

    Аутопсия міндетті емес, егер:

    • адам ауруханада қайтыс болып
    • нақты диагнозы белгілі болса
    • туыстары келісім берсе — кей жағдайда мүрде ашылмауы мүмкін

    Міндетті жүргізілетін жағдайлар:

    • нәресте өлімі
    • бала өлімі
    • ана өлімі

    Бұл талаптар заңмен бекітілген.

    Мысал: Науқас ауруханада емделіп жүріп қайтыс болды, бірақ нақты диагноз анықталмаған. Дәрігерлер өлім себебін білу үшін аутопсия жүргізді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым қалай жолданады?

    Жауап

    - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алулар туралы заңы 25-бабына сәйкес: Әлеуетті өнім беруші: конкурс немесе аукцион қорытындысымен келіспеген жағдайда; өз құқықтары бұзылды деп есептесе; қорытынды хаттама жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде шағым бере алады. Шағым: веб-портал арқылы беріледі; тапсырыс берушіге немесе ұйымдастырушыға жолданады; олардың әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) қатысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес: шағым дәл сол хаттаманы қабылдаған органның атына жіберіледі Мысал: Компания конкурсқа қатысып, бірақ жеңімпаз болмады. Ол бағалау әділ болмады деп есептейді. Қорытынды хаттама шыққаннан кейін 2 күн ішінде веб-портал арқылы ұйымдастырушыға шағым жібереді.

    atyrau-zhylyoy·
    Сұрақ

    Емханадан вакцина аларда ол бойынша ақпарат ала аламын ба?

    Жауап

    - Вакцина алмас бұрын әрбір пациент: вакцинаның атауы оның әсері мен пайдасы мүмкін болатын жанама әсерлері қарсы көрсетілімдері туралы толық ақпарат алуға құқылы. Дәрігер немесе медицина қызметкері: барлық сұрақтарға жауап береді вакцина салуға ерікті келісім алады Яғни, вакцинация тек пациенттің хабардар келісімімен жүргізіледі. Мысал: Ата-ана баласына вакцина салдырмас бұрын дәрігерден жанама әсерлері туралы сұрады. Дәрігер толық түсіндіріп, содан кейін ғана келісім алып вакцина жасады.

    atyrau-zhylyoy·
    Сұрақ

    Ана мен балаға арналған қандай жаңа бағдарламалар бар?

    Жауап

    - Қазақстанда ана мен балаға арналған жаңа бағдарламалар: 🔹 Нацфонд – балаларға: 2024 жылдан бастап іске қосылған; Әр балаға жыл сайын Ұлттық қордан ақша аударылады; Бұл қаражатты 18 жасқа толғанда білімге немесе тұрғын үйге пайдалануға болады. 🔹 Келешек бағдарламасы: Балалардың біліміне арналған жинақ жүйесі; Мемлекет бастапқы капитал береді; Білім алуға қаржылық қолдау көрсетеді. 🔹 Қазақстан балалары (2026–2030): Жаңа ұлттық бағдарлама; Денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау бағыттарын қамтиды; 150+ нақты шара қарастырылған. 🔹 Сонымен қатар: Көпбалалы аналарға жәрдемақылар; Бала тууға және күтіміне төлемдер; Әлеуметтік қолдау бағдарламалары бар. Мысал : Жаңа туған баласы бар отбасы «Нацфонд – балаларға» бағдарламасы арқылы жыл сайын ақша жинайды. Кейін бала 18 жасқа толғанда бұл қаражатты оқуына жұмсай алады.

    atyrau-zhylyoy·
    Сұрақ

    Ата-аналар бөлек тұрған кезде баламен қарым-қатынас тәртібін қалай реттеуге болады?

    Жауап

    - Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі бойынша Баланың құқығы бар: екі ата-анасымен; ата-әжесімен; бауырларымен және басқа туыстарымен қарым-қатынас жасауға. Бөлек тұратын ата-ананың құқықтары: баламен қарым-қатынас жасау; тәрбиесіне қатысу; білім және маңызды мәселелерді шешуге қатысу. Бірге тұратын ата-ана: егер балаға зиян болмаса, қарым-қатынасқа кедергі келтірмеуі тиіс. Қарым-қатынас тәртібін белгілеу: Егер ата-аналар келісе алмаса: Қорғаншылық және қамқоршылық органына жүгінеді; Орган баланың мүддесін ескере отырып тәртіп белгілейді. Келіспеген жағдайда: медиация; немесе сот арқылы шешіледі. Қажетті құжаттар: жеке куәлік көшірмесі; психиатриялық және наркологиялық есепте тұрмайтыны туралы анықтама; соттылық туралы анықтама; тұрғын үйге құқықты растайтын құжат. Маңызды: Ажырасу баланың ата-анамен қарым-қатынас құқығын шектемейді. Мысал: Ата-ана ажырасқаннан кейін бала анасының қасында тұрады. Әкесі баламен кездесу тәртібі бойынша келісе алмай, қорғаншылық органына жүгінеді. Орган аптасына екі рет кездесу тәртібін белгілейді.

    atyrau-zhylyoy·
    Сұрақ

    Көпбалалы отбасынан шыққан балаларға мектепте қалай тегін тамақ алуға болады?

    Жауап

    - - Қазақстанда мектептерде әлеуметтік осал топтағы балаларды қолдау үшін арнайы қор бар — «жалпыға бірдей оқыту» қоры . Көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің №64 қаулысы (2008 ж.) негізінде көрсетіледі. Көмек түрлері: Тегін тамақтану (әсіресе 5–11 сынып оқушыларына); Материалдық көмек («Мектепке жол» акциясы — киім, құрал-жабдық) Кімдер ала алады: көпбалалы отбасылар; атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар; табысы төмен отбасылар; жетім балалар; ТЖ-дан зардап шеккендер; мектеп комиссиясы анықтайтын басқа санаттар. Қалай алуға болады: Әлеуметтік санатқа жататынын растау; Баланың мектебіне өтініш беру. Қосымша: Кейбір мәліметтер eGov.kz арқылы тексеріледі; Қалған жағдайларда мектеп тұрмыстық жағдайды тексереді. Тегін тамақтану құқығы әр оқу жылына қайта рәсімделеді. Маңызды: Тегін тамақтану және материалдық көмек көрсету қатаң түрде бөлінген қаржыландыру шегінде және отбасы мәртебесін растау кезінде жүзеге асырылады. Мысал: Көпбалалы отбасының баласы мектепте оқиды. Ата-анасы мектепке өтініш беріп, құжаттарын тапсырды. Комиссия шешімімен бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

    atyrau-zhylyoy·
    Сұрақ

    Бірыңғай ұлттық тестілеу жылына неше рет өткізіледі?

    Жауап

    - Бірыңғай ұлттық тестілеу өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №204 бұйрығы (2017 ж.) арқылы реттеледі. Жыл ішінде тестілеу бірнеше кезеңде өтеді: 1.10 қаңтар – 10 ақпан : - тек ақылы бөлімге түсу үшін. наурыз – 6 сәуір : - тек ақылы бөлімге түсу үшін. 10 мамыр – 10 шілде : - грантқа қатысуға және ақылы бөлімге түсуге болады. 10 – 20 тамыз : - тек ақылы бөлімге түсу үшін. Осы кезеңдерде талапкерге ЕНТ-ны барлығы 5 рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Мысал: Талапкер қаңтарда ЕНТ тапсырып, нәтижесі көңілінен шықпады. Ол наурызда және мамырда қайта тапсырып, соңғы нәтижесімен грант конкурсына қатыса алды.

    atyrau-zhylyoy·
    Сұрақ

    Лагерьге жолдаманы қалай алуға болады?

    Жауап

    -Оқушыларға лагерьге жолдама беру тәртібі ҚР Білім және ғылым министрінің №158 бұйрығы (2020 ж.) негізінде жүзеге асырылады. Кімдер ала алады: атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылар; табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар; жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасылар; мектеп комиссиясы анықтайтын басқа санаттар. Өтініш беру жолдары: мектеп немесе білім беру ұйымы арқылы; мекеме кеңсесі арқылы; eGov.kz порталы арқылы. Қажетті құжаттар: өтініш; жеке куәлік; баланың туу туралы куәлігі; неке туралы (бар болса) құжат; медициналық анықтама (071/у); әлеуметтік мәртебені растайтын құжаттар. Қарау мерзімі: 5 жұмыс күні. Мысал: Көпбалалы отбасының баласы жазғы лагерьге барғысы келеді. Ата-анасы мектепке өтініш беріп, қажетті құжаттарды тапсырады. 5 күн ішінде балаға жолдама беріледі.

    atyrau-zhylyoy·
    Сұрақ

    Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

    Жауап

    - Дәрігерді үйге шақыру – бұл науқастың жағдайына байланысты медициналық бақылау мен көмек алу мүмкіндігі, әсіресе, ол емханаға немесе стационарға өздігінен бара алмайтын жағдайда қолданылады. Қазақстан Республикасында бұл қызмет ГОБМП (гарантталған тегін медициналық көмек) және МӘМС жүйесі аясында ұйымдастырылады. Дәрігерді үйге шақыруға көрсеткіш жағдайлар: - қозғала алмау немесе қозғалыс шектеулігі: - Науқас ауруына байланысты өздігінен емханаға бара алмайды (мысалы, ауыр жарақат, инсульттен кейінгі жағдай, мүгедектік, әлсіреу). Жедел медициналық жағдайлар: - Денсаулыққа қауіп төндіретін симптомдар бар кезде (жоғары температура, күшті әлсіздік, ентігу, кенет басталған ауырсыну, жүрек-қан тамыр немесе тыныс алу жүйесі белгілері). Дәрігер науқастың жағдайын бағалап, шұғыл шараларды қолданады немесе стационарға жолдама береді. Созылмалы аурудың асқынуы: - Қант диабеті, гипертония, жүрек немесе бүйрек аурулары сияқты созылмалы патологиялары бар пациенттердің жағдайы нашарлаған кезде. Мұндай науқастарға дәрігер дәрі-дәрмек тағайындайды, жағдайын бақылауға алады. Балалар мен жүкті әйелдер: - Жүктілік кезінде профилактикалық немесе шұғыл тексеру қажет болғанда. - Кішкентай балаларда жоғары температура немесе тыныс алу қиындықтары байқалған кезде. Үйге шақыру тәртібі: - Науқас немесе оның заңды өкілі емхананың тіркеу бөліміне хабарласып, дәрігерді шақыру туралы өтініш береді. Өтініш тіркеледі және учаскелік дәрігер науқастың жағдайын бағалап, келген уақытта қажетті медициналық қызмет көрсетеді.

    atyrau-zhylyoy·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.