- «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 13-бабына сәйкес, ішкі сауда объектілеріне:
- Сауда объектілері
- Қоғамдық тамақтандыру объектілері жатады
Сауда объектілерінің түрлері:
1) сауда автоматы – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
2) жылжымалы сөре – арнайы белгіленген жерде орналасқан оңай салынатын немесе тасымалданатын сауда орны;
3) автодүкен – жабдықталған, жылжымалы сауда орны;
4) шатыр – құрастырмалы құрылымдардан жасалған, арнайы белгіленген жерде орналастырылатын жеңіл тұрғызылатын құрылыс;
5) дүңгіршек – арнайы бөлінген жер учаскесінде орнатылған сауда жабдықтарымен жабдықталған күрделі емес тасымалданатын құрылым;
6) Дүкен – күрделі стационарлық құрылым немесе оның бір бөлігі, сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмысты қүй-жайлармен, сондай-ақ, тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз ету;
7) сауда үйі – белгілі бір аумақта тауарларды сатуға арналған, біртұтас басқарылатын сауда объектілерінің жиынтығы орналасқан, сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз етілген және өз аумағында автокөліктерге арналған тұрақты ұсынатын капиталды стационарлық ғимарат;
8) Сауда нарығы – аумақты шаруашылық тұрғыдан қызмет көрсетуді, басқаруды және күзетуді орталықтандыру функциялары бар, тұрақты негізде істейтін, жергілікті атқарушы органдар айқындаған жер учаскесінде орналасқан, іргелес аумақтан оқшауланған және заңды әрі жеке тұлғалардың тауарларды сатуы (жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі) үшін, мерзімі 10 күнге дейінгі орындарды жалдау шартын міндетті түрде жасамай жүзеге асыруға арналған дербес мүліктік кешен.
Бұл объектілер тауарларды сату, сақтау, жеткізу және қызмет көрсету үшін қолданылады.
Мысал: әсіпкер қалада шағын бизнес ашқысы келеді. Ол екі нұсқаны қарайды: дүңгіршек қою немесе дүкен ашу. Екеуі де ішкі сауда объектілеріне жатады, өйткені олар арқылы тауарлар сатылады.