Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмылдыру дайындығы саласындағы мiндеттерi қандай?
1) тұрғылықты жерi бойынша әскери есепте тұруға; 2) өзiнiң әскери қызметке қатыстылығын анықтау үшiн шақыру бойынша жергiлiктi әскери басқару органдарына келуге; 3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждарына жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, көлiк құралдарын және өздерiнiң меншiгiндегi басқа да мүлiктi олардың құнын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен кейiн мемлекет тең мөлшерде өтейтiндей етiп беруге мiндеттi.