Қызылорда қаласынан 10 соттық жер алу үшін 2006 жылы кезекке тіркелген болатынмын. Алайда бүгінгі күнге дейін кезегіміз келмеген. Қызылорда қаласынан жер алуға кезектілік қашан жылжиды?
2016 жылы Қызылорда қаласы әкімдігімен «Байтерек» тұрғын ауданынан (инфрақұрылыммен толық қамтылған) жеке тұрғын үй құрылысы үшін барлығы 5112 адамға жер учаскелері табысталды. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, Қызылорда қаласы әкімдігімен 2006 жылы кезекте тұрған тұлғалардың өтініштері бойынша кезектілікке сәйкес жер учаскесін табыстауды бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының» ақпараттық жүйесіне интеграциялау жолымен арнайы есепке қойылуына қарай қалыптастырылып келеді. Жүйе іске қосылғанға дейін жер кезектілігіне адами фактордың әсер еткені рас, дегенмен, бүгінде қандай да бір өзгеріс енгізуге жол берілмейді. Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша бөліп беруге арналған алаңдардың дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтарға кезектілікке сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері табысталуда. Бүгінгі күні, бұл мәселе бойынша жағдай тұрақты.