Бұл қызметтердің барлығы eGov.kz порталы арқылы электронды түрде және тегін көрсетіледі.
1-қадам: Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ/АПЗ) және техникалық шарттарды алу Сәулет бөлімінен үйдің қалай орналасатыны және инженерлік желілерге (су, жарық, газ) қосылу шарттары жазылған құжатты аласыз.
2-қадам: Эскиздік жобаны әзірлеу және келісу Лицензиясы бар маманға (архитекторға) үйдің жобасын сыздырып, оны жергілікті Сәулет және қала құрылысы бөлімі мен eGov арқылы келісесіз.
3-қадам: Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама беру. Ең маңызды қадам! Құрылысты бастамас бұрын, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (МСҚБ / ГАСК) басқармасына eGov арқылы «құрылысты бастайтыныңыз туралы» хабарлама жібересіз.
Ескерту: Егер бұл хабарлама жіберілмесе, құрылыс «өз бетімен салынған» болып есептеліп, айыппұл салынады.
4-қадам: Нысанды пайдалануға қабылдау (Ввод в эксплуатацию) Құрылыс біткен соң, нысанды пайдалануға қабылдау актісі толтырылып, Сәулет бөлімінде тіркеледі.
5-қадам: Әділет органында тіркеу Тіркелген акт пен техпаспорт ЦОН-ғаөткізіліп, жылжымайтын мүліктің құқықтық кадастрына енгізіледі.