Қатысушы "kezekte.kz" электрондық порталда тіркелуі және өтінімді толтыруы қажет,өтінімге құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін PDF форматында тіркеңіз:
1)басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);
2) бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстардың бизнес-жобасына қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және (немесе) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;
3) "бір ауыл – бір өнім"бағдарламасының финалисті болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.