Ваучер деген кім?

    ulytau-cultura-arhiv

    ulytau-cultura-arhiv·
    Сұрақ

    Ваучер деген кім?

    Жауап

    "Ваучер — бұл бала туралы барлық ақпаратты қамтитын бірегей нөмір. Ваучер атаулы болып табылады және айырбастауға жатпайды.
    Мысал:
    Айша 8 жасар қыз. Ол баланың спортқа қызығушылығы бар, сондықтан ата-анасы оған спорттық үйірмеге жазылуын қалайды.
    Айшаға ваучер беріледі, оның нөмірі – 123456.
    Ақпараттық жүйеде тіркелген мәліметтер: Айшаның аты-жөні, жасы, тұрғылықты мекен-жайы.
    Үйірме жеткізушісі – «Жас спортшы» балалар спорт мектебі.
    Айшаға бөлінген қаржыландыру көлемі – айына 10 000 теңге.
    Осылайша, ваучер – бірегей нөмір, ол тек Айшаға арналған және оны басқа балаға ауыстыруға болмайды."

    Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022644

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тарихи тұлғалар тізіміне енгізу үшін қандай талаптар мен құжаттар ұсынылуы қажет?

    Жауап

    «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін ұсынылатын тұлға қоғам мен мемлекет дамуына елеулі үлес қосқан, елге танымал, тарихи маңызы бар тұлға болуы тиіс. Атап айтқанда, бұл тізімге көне дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі қазақ хандары, билер, батырлар, жыраулар, ақын-жазушылар, ғылым және мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік және қоғамдық қызметте ерекше еңбек сіңірген тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік наградалар мен жоғары атақтардың иегерлері енгізіледі. Тұлғаны тізімге ұсыну кезінде міндетті түрде оның өмірбаяны, тарихи және ғылыми негіздемесі дайындалады. Сонымен қатар тұлғаның қоғамға сіңірген еңбегін растайтын архивтік құжаттар, жазбаша тарихи деректер, ғылыми еңбектер мен зерттеу материалдары қоса ұсынылуы тиіс. Ұсынысқа міндетті түрде ғылыми ұйымдардың, соның ішінде архив мекемелерінің және ғылыми-зерттеу институттарының (мысалы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты) сараптамалық қорытындысы тіркеледі. Бұдан бөлек, ұсыныс жергілікті облыстық ономастика комиссиясының отырысында талқыланып, тиісті хаттамалық шешім қабылдануы қажет. Осы құжаттар топтамасы белгіленген квотаға сәйкес уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына) жолданады. Мысал: Жергілікті тұрғындар мен ғалымдар белгілі ақын Абай Құнанбайұлы есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізуді ұсынады. Ұсынысқа ақынның өмірбаяны, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы ғылыми негіздеме дайындалады. Қоса тіркеледі: архивтік құжаттар, тарихи жазбалар, ғылыми зерттеулер мен еңбектер. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты сияқты ғылыми ұйымдардан сараптамалық қорытынды алынады. Құжаттар облыстық ономастика комиссиясында қаралып, оң хаттамалық шешім қабылданады. Кейін барлық материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына жолданады. Нәтижесінде, барлық талаптар сақталған жағдайда тұлға «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізіледі. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_

    ulytau-cultura-arhiv·
    Сұрақ

    «Тіл туралы» заңның 21-бабы нені реттейді?

    Жауап

    21-бап Қазақстан Республикасындағы көрнекі ақпараттың (жарнама, маңдайша, хабарландыру, баға көрсеткіштері, мәзірлер және т.б.) тілдік рәсімделу тәртібін реттейді. Бұл норма қоғамдық кеңістіктегі тілдік ортаның бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мысал: Дүкеннің маңдайшасында және ішіндегі ақпараттарда келесі жазулар бар: «Супермаркет» деген атау алдымен қазақ тілінде – «Супермаркет», кейін орыс тілінде жазылған. Баға көрсеткіштері: «Нан – 150 теңге» (қазақ тілінде), қажет болса орыс тілінде де көрсетіледі. Мәзір немесе тауар атаулары алдымен мемлекеттік тілде беріледі. Егер дүкен тек шетел тілінде (мысалы, тек ағылшынша) жазса, бұл заң талаптарына сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_

    ulytau-cultura-arhiv·
    Сұрақ

    Тарихи мұра объектілерін кім қорғайды?

    Жауап

    Мемлекеттік органдар (мәдениет басқармалары), Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Жергілікті атқарушы органдар, Қоғамдық ұйымдар. Мысал: Түркістан қаласындағы көне кесене тарихи-мәдени мұра объектісі болып табылады. Бұл нысанды қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясына, сондай-ақ «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңына негізделеді. Кесенені жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары тек заң талаптарына сәйкес жүргізіледі. Жергілікті әкімдік пен мәдениет органдары нысанды қорғауға және дұрыс пайдалануға жауап береді. Егер біреу кесенеге зиян келтірсе немесе заңсыз өзгеріс енгізсе, оған заң бойынша жауапкершілік қарастырылады. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000288

    ulytau-cultura-arhiv·
    Сұрақ

    Архивтік анықтаманы алу үшін қандай құжаттар қажет және өтінішті қалай тапсыруға болады?

    Жауап

    Архивтік анықтаманы алудың 3 жолы бар. Архивтік анықтаманы алу үшін жеке тұлға өтініш береді. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, архив мекемесіне тікелей немесе eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыруға болады. 1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (ХҚКО) Мысал: Азамат Айгүл 1995–2000 жылдар аралығында жұмыс істегенін дәлелдеу үшін архивтік анықтама алғысы келеді. Ол тұрғылықты жеріндегі ХҚКО-ға барып, өтініш жазады. Өзімен бірге жеке куәлігінің көшірмесін апарады. ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдап, тиісті архивке жібереді. 11 жұыс күннен кейін Айгүл дайын анықтаманы сол жерден барып алады. 2. Архив мекемесіне тікелей бару арқылы Мысал: Азамат Нұрлан әкесінің еңбек өтілі туралы мәлімет керек болғандықтан, қалалық архивке өзі барады. Архивке келген соң, өтініш жазып, жеке куәлігінің көшірмесін тапсырады. Архив қызметкерлері сұранысты қарап, 11 жұыс күн ішінде Нұрланға қажетті архивтік анықтаманы береді. 3. eGov.kz порталы арқылы онлайн Мысал: Азамат Дана үйінен шықпай-ақ архивтік анықтама алғысы келеді. Ол eGov.kz порталына кіріп, ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы жүйеге кіреді. Қажетті қызметті таңдап, онлайн өтініш толтырады және жеке куәлігінің деректерін енгізеді. Өтінішті жібергеннен кейін 11 жұмыс күн ішінде дайын архивтік анықтама оның жеке кабинетіне электронды түрде келеді.

    ulytau-cultura-arhiv·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.