«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қанша адам қатысты? Қанша тонна қоқыс шығарылды?

    kyzylorda-tabigat

    kyzylorda-tabigat·
    Сұрақ

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қанша адам қатысты? Қанша тонна қоқыс шығарылды?

    Жауап

    Жыл басынан бері "Таза Қазақстан" шарасына барлығы 46 934 еріктілер,, қоғам қайраткерлері, бюджет сласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Нәтижесінде 1067 тонна қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 156 скверлер мен парктер, 225 тарихи-мәдени ескерткіштер, 791 әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 407 өнркәсіп және бизнес нысандары, 8 су обьектілері (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б.), мен 843 көшелердің бойы (304 көп қабатты үйлер мен 539 жер үйлердің аулалары) тазартылды. Оған 548 техника жұмылдырылды. 2026ж. 23 наурызда өткізілген "Мөлдір бұлақ" және "Тазару күні" акциялары аясында бұлақтар мен жағалау аумақтарын тазалау және тал егу жұмыстарына 7 мың адам қатысып, 16 мыңға жуық тал егілді, 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының өзекті тізбесін ұсынуды сұраймыз?

    Жауап

    Қызылорда облысы бойынша Республикалық маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары Барсакелмес қорығы, Қарғалы және Тораңғылсай қорғалымы орналасқан. Аталған аумақтар Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесіне енген. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының жалпы көлемі 163126 га, Арал ауданында орналасқан. Тораңғылсай мемлекеттік табиғи қаумалының жалпы көлемі 17,9 мың га, Сырдария ауданында орналасқан. Оның ішінде Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің орман қорының 17,9 мың га жерде орналасқан. Қарғалы мемлекеттік табиғи қаумалының жалпы көлемі 11172,24 га, оның ішінде 1938 га Жаңақорған орман мекемесінің орман қорының жерінде орналасқан. Қарғалы мемлекеттік табиғи қаумалы Шиелі және Жаңақорған аудандарының аумағында орналасқан.

    kyzylorda-tabigat·
    Сұрақ

    Акваөсіру шаруашылығы тұрақты дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша қандай көмек көрсетілуде?

    Жауап

    Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 2023 жылға қарай балық өсіру көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін 16 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған шаруашылығы, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғыларды іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған. Облыста балық өсіру: көл тауарлы балық өсіру, тоғанда балық өсіру, тор қоршамда балық өсіру және тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсіру шаруашылықтарымен жүргізіледі.Бүгінгі күні, облыста тауарлы балық өсірумен 109 шаруашылық айналысады. Оның ішінде: 76 - көл тауарлы балық шаруашылығы, 28 - тоған, 3 - тор қоршамда балық өсіру және 2 - тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсіру шаруашылықтарымен жүргізіледі. 2025ж. көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 1447 тонна аса тауарлы балық өсірілді.

    kyzylorda-tabigat·
    Сұрақ

    Мониторинг қалай жүргізіледі, егілген сексеуіл көшетінің қанша пайызы шықты? Шығын көлемі қандай?

    Жауап

    Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан бақылау комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлері, Инспекция және Арал, Қазалы орман шаруашылығы мекемелері мамандарының қатысуымен бекітілген есеп санақ қағидасына сәйкес егілген орман екпелеріне және сексеуіл тұқымбағының шығымдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 19 қазандағы №17-02/532 бұйрығымен бекітілген "Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргізілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу қағидасының" 18 қосымшасына сәйкес Орман дақылдарының нормалық жерсінуі және сақталуы Қызылорда облысы бойынша 30% мөлшерінде белгіленген. Екпелердің орташа шығымдылығы 26-35% аралығында.

    kyzylorda-tabigat·
    Сұрақ

    Қандай кәсіпорындар немесе экожобалар қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 31,5%-ға дейін жеткізді?

    Жауап

    Бүгінгі күні өңірде Қызылорда қаласында қуаты жылына 60 мың тонна «With You E&C Kyzylorda» ЖШС және Сырдария ауданында қуаты 3,5 мың тонна «Тереңөзек тазалығы» МКК-ның Тереңөзек кентінде сұрыптау желілері жұмыс істейді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша жобалар: Жаңақорған ауданында «Ком Хоз Жаңақорған» ЖШС - 20 мың тонна, Қызылорда қаласында ЖШС сұрыптау қуатын арттыру «WITH YOU E&C KYZYLORDA» 300 мың тонна Арал ауданы, Арал қаласы ЖШС «Хан-Батыр» - 10 мың тонна, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, ЖК «Жалғасбаев Досмұқасан» - 5 мың тонна Жалағаш ауданы Жалағаш кенті ЖШС «Қ.Қанатбаева» - 5 мың тонна Шиелі ауданы, Шиелі кенті, «Астана қауіпсіздік формуласы» ЖШС - 10 мың тонна, Байқоңыр қаласында «GREENORDA PROJECT» ЖШС - 65 мың тонна.

    kyzylorda-tabigat·
    Сұрақ

    Автокөлікке қызмет көрсету сервис объектілерін, яғни жанармай құю бекетінің құрылысы үшін қандай экологиялық рұқсат құжаттарын алу қажет?

    Жауап

    Кодекстің 12-бабына сәйкес және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021ж. 13 шілдедегі №246 бұйрығымен бекітілген "Қоршаған ортаға жағымсыз ететін әсер ететін обьектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес обьектінің санатын анықтауы қажет болып табылады. Сонымен бірге, Кодекстің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті. Осы баптың 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптама шеңберіндегі қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сай жүргізіледі. Қоғамдық тыңдаулар-бірыңғай экологиялық порталда көпшілік талқылауларын жүргізу арқылы қоршаған ортаны қорғау және ҚР тұрақты дамуы мәселелелрі қозғалатын мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу нысандарының бірі болып табылады. Бұған қосымша, ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022ж. 11 қаңтардағы №ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген, "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету обьектілері болып табылатын обьектілерінің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" қағидасының 11 бөлім,48-тармағы 6) сәйкес автомобиль көлік құралдарына мотор отынының барлық түрлерімен құюға арналған обьектілер санитарлық қорғаныш аймағы 100 метр деп көрсетілген.

    kyzylorda-tabigat·
    Сұрақ

    Егіліп жатқан сексеуілдің экологияға пайдасы соңғы уақытта қаншалықты зерттелді? Нәтиже нені көрсетті?

    Жауап

    Барлығы 1 млн.71 мың гектар алқапқа топырақ зерттеу және жобалау жұмыстары ғылыми инстутттарымен жүргізілді. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде сексеуіл өсімдігі құмды бекітіп, топырақ эрозиясын төмендетеді, тұзды шаңның таралуын азайтады және аймақтағы экологиялық жағдайдың жақсаруына ықпал етеді.

    kyzylorda-tabigat·
    Сұрақ

    Сексеуіл қоры Қызылорда облысындағы орман қорының қанша пайызын құрап отыр? Орман қоры жөнінен Қызылорда республикада нешінші орында?

    Жауап

    Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерінің жалпы көлемі 7,3 млн.га болса, 3,9 млн.га орманды алқаптар болып табылады. Орман қоры жерінің негізгі сексеуіл құраушы сксеуіл ағашы 87 пайыз құрайды.

    kyzylorda-tabigat·
    Сұрақ

    Обьектілердің мерзімдерін, тапсырыс берушілердің атауларын, мердігерлік шектеулердің атаулары мен байланыстарын көрсете отырып, 2025ж. Іске асырылған және 2026ж. іске асырылатын гидротехникалық құрылыстарды реконсрукциялау мен салу жобаларының мтізімін ұсынуды сұрайды?

    Жауап

    Облыс аумағында 37 гидротехникалық құрылыстар бар, оның ішінде: су қоймалары - 6 (Қазсушар РМК-2, Арна КММ-4), бөгет - 1 (Солтүстік Арал теңізі, Қазсушар РМК), қорғаныс бөгеті-1 (Қазсушар РМК-625,3 шақырым), су тораптары-4 (Қазсушар РМК), магитсралды каналдар-22 (Қазсушар РМК), су тастау құрылысы-2 (Қазсушар РМК) және тоған-1 (Шалқия Цинк ЛТД ЖШС). 2025ж. мамыр және қыркүйек айларында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне облыстан құрылған комиссия тарапынан зерттеу жұмыстары жүргізілді. Кешенді жоспар аясында 2026ж. Ислам Даму Банкі есебінен су жинау көлемі 775 млн.м3 болатын "Қараөзек" су қоймасын салу және облыс бойынша кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 5 жоба Арал ауданындағы Қараарық каналын күрделі жөндеу, Қазалы ауданындағы Ішкі каналын күрделі жөндеу, Шиелі ауданындағы Құмжарған канал үшін су шаруашылығы құрылыс жұмыстарын жүргізу, Шиелі ауданындағы Базар арығы каналын күрделі жөндеуге ұсынылды. Бүгінгі күні Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Базар арығы каналына бетондау жұмыстары жүргізілуде.

    kyzylorda-tabigat·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.