Автокөлік 2025 жылдың мамыр айынан бастап ұрлау фактісі бойынша іздеуде. Мен салық төлеуім керек пе?
Ішкі істер органдары салық органдарына ұсынатын көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы арыздың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелу фактісін (күнін) растайтын мәліметтер иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралын іздестіру кезеңінде салық төлеуден босату үшін негіз болып табылады. Бұл ретте мұндай салықты есептеу (есепке жазу) көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы арыз Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген күннен бастап тоқтатылады. Салықты есептеу (есепке жазу) ішкі істер органдары салық органдарына ұсынған мәліметтер негізінде көлік құралын айдап әкету (ұрлау) және оны қайтару туралы қылмыстық іс тоқтатылған күннен бастап қайта басталады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сіз көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы арыз Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген күннен бастап іздестіру кезеңіне көлік құралдарына салық төлеуші болмайсыз.