ШЖК тартуға жұмыс берушіге рұқсатты қалай алуға болады
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға ұсынады www.egov.kz, www.elicense (бұдан әрі – ЭҮП) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптары) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады. - Жергілікті атқарушы органның қызметкері жұмыс беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес өтініш пен құжаттарды ұсынған кезде оларды қабылдауды және тіркеуді өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген сәттен бастап 6 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құрамына осы Қағидалардың 10 – тармағында көзделген ұйымдардың өкілдері кіретін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) қарауына береді. Комиссияның құрамын жергілікті атқарушы органның басшысы бекітеді. - Рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы шешім жұмыс берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган басшысының бұйрығы түрінде қабылданады. Жергілікті атқарушы орган жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның ұсынымдары негізінде шешім қабылдайды. Комиссияның әрбір отырысы барысында жұмыс берушілердің өтініштерін қараудың бейнежазбасы жүргізіледі. . Комиссия құрамына ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімше өкілдері кіреді Жергілікті атқарушы органның рұқсаттарды беруі немесе ұзартуы мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады: 1) жіберуші тараптың персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерін ескере отырып, бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70 %-ы Қазақстан Республикасы азаматтарының саны; 2) жіберуші тараптың персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерін ескере отырып, үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90 %-ы Қазақстан Республикасы азаматтарының саны.