"Аппарат акима Абайского района" отдел экономики и планирования
Отдел экономики и планирования
- Бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
- 6. Мақсаты:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық қызметін ұтымды ұйымдастыру, материалдық-техникалық базасын дамыту іс-шараларын жүзеге асыру, экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатында қаржылық резервтерді анықтап, пайдалануға бағытталған қаржылық қызметін сапалы және дер кезінде экономикалық жоспарлау жүргізуді жүзеге асыру.
- Құқықтары мен міндеттері:
- Қала әкімі аппаратынан және өзге де мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпараттарды алуға;
- аудан әкімі аппаратының даму жоспарын жасап, бекіту және орындау, жасалған жоспарлар мен есептерді кейіннен белгіленген мерзімде өкілетті органдарға ұсынуға;
- Аудан әкіміне экономика және жоспарлау бөлімінің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар беруге;
- Аудан әкімі аппараты қызметін қаржылық, материалдық-техникалық тұрғысынан қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға.
- Функциялары:
- Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, өзге де құжаттарын, қала әкімдігінің қаулыларын, қалалық мәслихаттың шешімдерін, қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, аппаратқа айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарын уақытылы әрі сапалы орындау;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау, оларды уақытылы әрі сапалы орындау;
- Аудан аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасының заңға сәйкес ұйымдастырып өткізу, сол арқылы атқарылатын жұмыс көлемімен қаржысын жоспарлау, бюджеттік өтінімдер беру;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алуды жоспарын құру және мемлекеттік сатып алу бойынша қызметтерді ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын бақылау, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстармен қызметтердің орындалу актілерін қабылдап алу;
- Қолданыстағы заңға сәйкес, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуларды алдын-ала жоспарлау және сатып алуларды өткізуге өтінімдер беруді қамтамасыз ету;
- Аудан әкімі аппараты бөлімдерімен мемлекеттік сатып алулар үшін, сметалық құжаттардың, сметалық есептердің, конкурстық құжаттамалардың, техникалық ерекшеліктерінің қолданыстағы заң нормаларына сәйкес және тиісті мерзімінде әзірленуін қамтамасыз ету;
- Бюджеттік өтінімдерді бюджеттік бағдарламаларға сәйкес әзірлеуді ұйымдастыру және қажетті қаржы есебін түзу;
- Аудан әкімі аппаратындағы барлық қаржылық операцияларды жүргізу, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелермен атқарылған қызметі үшін есептесу;
- Бюджет қаражатын уақытылы игеру және тиімді, мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету;
- Аудан әкімі аппаратын кеңселік, материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
- Материалдық құндылықтар мен техникалық құралдардың сақтығын қамтамасыз ету және оларды түгендеуді уақтылы өткізу;
- Қаржылық, статистикалық және басқа да есептерді уақытында және сапалы жасақтап, тиісті органдарға ұсыну;
- Аудан әкімі аппаратының бухгалтерлік есебін және есеп беруін іске асыру;
- Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері мен еңбек шарты арқылы қабылданған азаматтарға ай сайынғы еңбек ақысын, еңбек демалысы ақысын уақтылы төлеу;
- Аудан әкімі аппаратының штаттық кестесі негізінде, қызметшілердің табельдік есебін құруды, қызметшілерді еңбек демалысына жіберуді жоспарлауды, кестесін бекітуді қамтамасыз ету;
- Салық органдары, қазынашылық, статистика департаменттерімен, қалалық экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы басқармаларымен жұмыс жүргізу;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды және мемлекеттік сатып алу бойынша қызметтерді ұйымдастыру, осы Ережеден туындайтын жұмыстарды мемлекеттік сатып алулар кезінде, заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алулардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын бақылау, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстармен қызметтердің орындалу актілерін қабылдап алу;
- «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, өтініштерге уақтылы, сапалы жауап беру және аудан әкімі аппараты бойынша орындалуын бақылау;
- Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
- Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
- Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне салаға сәйкес басшылық жасайды, жұмыстарын қадағалайды.
- Бөлімніңқызметін ұйымдастыру
- Экономика және жоспарлаубөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
- Экономика және жоспарлау бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
- Экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы бөлімнің қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
- Бөлім басшысы, мемлекеттік органның басшылығына бөлімнің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
- Экономика және жоспарлау бөлімінің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша бөлім атынан басқа бөлімдерге жiберiлетiн құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.