Аппарат акима Тущыкудыкского сельского округа Исатайского района Атырауской области

    Общая информация

    Тұщықұдық ауылдық округінің негізі 1957 жылы қаланған. Округ орталығы – Тұщықұдық ауылы.

    Ауылдық округтің жер көлемі 456 468,5 гектар, оның 393206 гектары ауыл шаруашылық алқабы болып саналады.

    Округ құрамына 3 елді мекен кіреді, халық саны 5300, оның ішінде Тұщықұдық ауылында 4761, Қызылүй елді мекенінде 263, Айбас елді мекенінде 276 адам есепте тұрады.

    Тұщықұдық ауылы- облыс орталығы Атырау қаласынан батысқа қарай 75 шақырым, аудан орталығы Аққыстау ауылынан шығысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Округ аумағымен «Атырау-Астрахан» темір жолы, «Атырау-Астрахан» автомобиль жолы, «Теңіз-Новороссийск» халықаралық мұнай құбыры, «Қиғаш-Атырау-Өзен» су құбыры және Бақсай және Нарын өзендері өтеді.

    Солтүстік шығысқа қарай Қызыл үй елді мекені 40 км және солтүстік батыста Айбас елді мекені 160 км қашықтықта.

    Округ бойынша 3 мектеп, 1 бөбекжай-балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік пункт, 4 кітапхана, 1 пошта бөлімшесі, 1 Мәдениет үйі және 1 клуб жұмыс жасайды. Сонымен қатар аудандық музыка және спорт мектептерінің құрылымдары бар.

    Округте кәсіпкерлік саласы бойынша 121 шаруа қожалығы және 332 жеке кәсіпкер тіркелген.

    Округ бойынша «Әкелер кеңесі», «Аналар кеңесі» қоғамдық құрылымдары тұрақты жұмыс жасайды.

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.