Баянаульский сельский округ
Баянауыл ауылдық округінің жалпы аумағы 530 мың шаршы шақырымды құрайды. Құрамына екі елді мекен қарайды: Баянауыл ауылы, Шонай ауылы. Жалпы округ бойынша халық саны 5632 адам. 1650 аула бар, оның ішінде: Баянауыл ауылында 1599 аула (5422 адам), Шонай ауылы 51 аула (210 адам).
Зейнеткерлер – 870 адам; мүгедектер – 218 адам; көп балалы отбасылар – 121; бір реттік материалдық көмек алғандар –81 адам; атаулы әлеуметтік көмек алғандар - 65 отбасы 279 адам; қоғамдық жұмыс орындарымен қамтылғандар - 49; жалғыз басты зейнеткерлерге және мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсетілетіндер саны – 30адам. Жастар саны - 1008.
Ауылда мектепке дейінгі мекемелер саны – 4. Қамтылған бүлдіршіндер - 285.
Орталықта үш жалпы орта білім беру мектептері жұмыс істейді. Онда 226 мұғалім қызмет етіп, 1075 оқушы білім алуда.
Баянауыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 15 спорттық үйірме түрлері бар.
Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінде 360 оқушы өнерлерін ұштауда.
Шонай ауылы мен алыс қашықтықта тұратын оқушылар мектепке дейін 2 автобуспен тегін тасымалдану ұйымдастырылды.
Сонымен қатар ауыл тұрғындарының қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру үшін тұрақты түрде келесі мекемелер қызмет жасайды: мәдениет үйі - 1; мешіт - 1; аудандық аурухана - 1; аудандық емхана - 1; кітапхана - 1; Қазпошта бөлімшесі - 1; Халыққа қызмет көрсету орталығы - 1; Полиция бөлімшесі - 1; «Қазақтелеком» АҚ - 1; дүкендер саны - 53; жанар-жағар май бекеттері- 4; дәріхана - 4; асхана - 12; мектеп саны - 3; бала-бақша саны – 1 (3 филиал); өнер мектебі - 1; аграрлық-техникалық колледжі - 1; футбол алаңы - 2.
Ауылымызда 183 жеке кәсіпкер тіркелген. Халыққа әр түрлі 76 сауда нүктелері қызмет көрсетуде.Сонымен қатар ауылдық округ аумағында 2 құрылыс кірпіштеріншығаратын шағын цех, 2 наубайхана,3қонақ үй, 6шаштараз, 6 дөңгелек жөндеу, 2 автомобиль жуу және 3 автомобиль жөндеу орындары жұмыс жасайды
Округте жалпы ірі қараның саны – 1582 бас; ұсақ қара мал – 1260 бас; жылқы – 278 бас; құстар – 1345 басты құрайды.
Округ бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл – елді мекен аумағында объектілер салу үшін жер учаскесін беру.
2021 жылы атқарылған жұмыстар: Баянауыл ауылында 5 млн 237 мың теңгеге бейнебақылау камераларына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Баянауыл ауылдық округінде 1 300 000 теңге сомасына 30 мың кв2 шөп шабылды.
Қ. Сатбаев көшесіндегі қоршауларға ағымдағы жөндеу жұмыстары 1 000 000 теңге сомасына жүргізілді.
Жеке тұрғын үйлерге мекен-жай тақталары 1 650 200 теңге сатып алынды және орнатылды.
1 458 500 теңгеге гүл сатып алынып, Баянауыл ауылы мекемелерінің алдына және Жасыбай демалыс аймағына егілді.
Әлеуметтік тамақтануды, қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтауға арналған 8 780 800 теңге сомасындағы 200 дана контейнерлер сатып алынды.
Сібір ағашы, перамидті терек, қара жемісті шетен, алма ағашы және т.б. ағаштар 1 498 997 теңгеге егілді.
Ауыл көшесіне иллюминациялық пано 991 300 теңге сомасына орнатылды.
Ағаш кесу және оның қалдықтарын жинау жұмыстары 937 997 теңгеге атқарылды.
М.Әуезов көшесі бойында 3Д форматында, көлемі 3*6 бильборд 1 310000 теңгеге орнатылды.
Қ. Сатбаев 49 ғимаратының шатырын 954 058 сомаға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Көше жарықтары бойынша: Баянауыл ауылдық округі бойынша істен шыққан 150 дана бағана шамдары ауыстырылды.
Жаяу Мұса, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров көшелеріне 25 330 000 теңгеге жаңа жарықтандыру орнату үшін мердігермен келісім шарат жасалды.
Қ.Сәтбаев көшесі бойынша 10 дана жарықтандыру бағандарына 1 750 000 теңге сомасына иллюминациялық жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Баянауыл және Шонай ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша 1 250 000 теңге сомасына келісім-шарт жасалынды.
Жасыбай демалыс аймағында полиция бөлімшесінде 400 000 теңгеге жарық диодты панель орнатылды.
Қ. Сәтбаев көшесіне аспалы иллюминация орнатылды 3 640 000 теңгеге.
Автомобиль жолдары бойынша атқарылған жұмыстар: Асфальтталмаған жолдарды қиыршық тас төсеу жолымен тегістеу бойынша 1 000 000 тг. қаражат бөлініп, уақытымен игерілді. Х.Абылғазин, М.Шорманов, А.Құнанбаев, Қ.Сәтбаев, Р.Ізбастин, М.Көпеев көшелеріне жол апаттарын алдын алу мақсатында жасанды жол кедергілері орнатылды.
204 573 268 теңгеге Е. Бекмаханов, Е. Бекмаханов – Ш.Айманов көшелерінің жоғарғы жағы, Ж. Жұмабаев, Б. Хайдаров, Қ. Бекхожин, Жалаңтөс Батыр, М.Әуезов, С. Торайғыров, Бұқар Жырау көшелеріне жалпы 6 125 шаршы метрге асфальт төселіп, Халық Банкі мен Нұр Отан ғимаратының ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
1 470 000 теңге сомасына қоқыс шығаруды жайластыру бойынша жұмыстар атқарылды.
Баянауыл ауылының барлық көшелеріне жол белгілерін 3 142 000 теңгеге орнатылды.
Ауылішілік 10 көшені орташа жөндеуге 291 700 теңге сомасына жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.
Тұрғын үй мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар: Жеке тұрғын үй құрылысы салу үшін жер учаскелерін Әміре Айтпакұлы көшесінен және Шонай ауылынан беру қарастырылған. 2020 жылы Шонай ауылынан 90 адамға жер берілді. Қазіргі уақытта жер телімін алуға өтініш білдірген 435 азамат кезекте тұр.
«Баянауыл ауданы экономиканың нақты секторы» мемлекеттік мекемесі бас жоспарға сәйкес тұрғын үй салуға арналған жер учаскелерінің бекітілген сызбасынәзірлеп, жер учаскелерін таратуға рұқсат берген соң кезекте тұрған азаматтарға жер учаскелерін беру жұмыстары қолға алынады.
Ауылдық аумақтарды дамыту жоспары бойынша сәйкес жоспарланған 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар:
- Қ.Сәтбаев көшесіндегі ойын алаңын күтіп ұстау үшін смета әзірлеу;
- Ж. Аймауытов, А. Құнанбаев, Жаяу-Мұса, М.Әуезов,Олжабай батыр және Шонай ауылының Н.Солтаналин көшелеріне қоршауы және жарығы бар балалар ойын алаңын орнату;
- Ж. Жұмабаев көшесін аббаттандыру (орындықтар, сайлау жәшіктері мен Петр фонарларын орнату);
- Ауыл бойынша 20 дана қосымша видеокамералар орнату;
- Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер сатып алу;
- Ю. Гагарин, Ж.Мұса, Ж. Жұмабаев көшелеріндегі көше жарықтарына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Қ.Сәтбаев көшесіндегі мәдениет үйінің жанындағы санитарлық-гигиеналық қондырғыға ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу.
- Келесі ауылішілік көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі: Ж. Аймауытов көшесі – 0,689м., Жалантөс батыр көшесі – 0,153 м., Н. Солтаналин көшесі – 2,398 м., Ш. Шөқин көшесі – 0,560 м., С. Торайғыров көшесі – 0,370 м., Қ. Сәтбаев көшесі – 0,691 м., Олжабай батыр көшесі – 0,322 м., Ә. Марғұлан көшесі – 0,577 м.,Жаяу Мұса көшесі – 1,663 м., және Ж. Жұмабаевкөшесі – 0,388 м. Жиыны – 7,811 м.