Коскульский сельский округ
Қоскөл- Қаратөбе ауданындағы көл және елді мекен аты. Қалдығайты өзенінің орта ағысында орналасқан. Аумағы 2.84 км. Жер бедері қоңыр, құмдақты, сортаңдау қоңыр, топырақты белдеуде орналасқан. Қоскөл ауылы- Қаратөбе ауданының солтүстігінде, аудан орталығынан 80 км., Орал қаласынан 280 км., ең жақын деген темір жол станциясы Шыңғырлаудан 180 км. қашықтықта орналасқан, солтүстік батысында Сырым, шығысында Шыңғырлау аудандарымен шектеседі. Округ әкімшілігі құрылғанға дейін Қоскөл селолық Советі, оның атқару комитеті жұмыс жасап келеді. 1972 жылғы мәлімет бойынша №3 ауыл Қоскөл Советіне қараған. Қаратөбе аудан болып құрылып, Советтер ірілендірілгенде Қоскөл селолық Советінің атауы Каганович деп өзгертілген. 1957 жылы колхоздар жойылып, совхоздар құрылған кезде ауылдық советтер де біріктіріліп, іріленген. Каганович с/советі жұмысын тоқтатып,ол территориялар Егіндікөл с/советіне қосылды. 1967 жылы ғана Егіндікөл совхозының жаңадан құрылуына байланысты, Қоскөл совхозының территориясына әкімшілік басшылық жасап, қамтуы үшін Орал облыстық Советі атқару комитетінің 14 қыркүйек 1967 жылғы қарарымен Қоскөл селолық Советі құрылған. ҚР-ның "Жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы" Заңның 48 бабына сәйкес Қоскөл ауылдық әкімшілігі 8 қаңтар 1994 жылы құрылып, әкімі тағайындалған.