«Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» ММ

    Общая информация

    «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің

    ЕРЕЖЕСІ

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) ауыл әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
    2. «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
    4. «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
    5. «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
    6. «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, оның құрылымын Жаңаөзен қаласы әкімдігі бекітеді.
    7. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілде:«Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Жұлдыз шағынауданы, Жыңғылды көшесі, 200А құрылыс.
    9. 9. «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Жаңаөзен қаласы әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
    10. «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
    11. «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.