КГУ «Сарысуское государственное учреждение по охране лесов и животного мира управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области»
2022-2024 жылдардағы атқарған жұмыстар туралы
«Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-сі 1979 жылы Жамбыл облысы орман шаруашылығы басқармасы арасындағы Сарысу орман шаруашылығы құрылды.
08.07.1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1072 қаулысы, Орман және аң шаруашылығы комитетінің 12.09.1996 жылғы №100 «А» шешімі, 01.08.1997 жылғы №60 шешімі және 19.08.1997 жылғы Бірігуі туралы ережесі және оның №97 бұйрығының негізінде ережесі бекітіліп 12.12.1997 жылы заңды тұлға ретінде мемлекеттік қайта тіркеуден «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министірлігінің орман және аң шаруашылығы комитеті Жамбыл облыстық және аң шаруашылығы бірлестігі Сарысу орман және аң шаруашылығы» мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы әкімиятының 31 наурыз 2005 жылғы № 109 қаулысына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімінің Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің атауы «Жамбыл облысы әкімшілігінің Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Жамбыл облысы әкімиятының 30 қазан 2008 жылғы № 322 қаулысына сәйкес, Жамбыл облысы әкімінің Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің атауы «Жамбыл облысы әкімиятының Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
28.10.2011 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің №334қаулысының негізінде ережесі бекітіліп 14.12.2011 жылы заңды тұлға ретінде мемлекеттік қайта тіркеуден «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өтті.
Мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары:
Мәні: ормандарды және жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету және орман қорын пайдалануды реттеу;
Мақсаты: өздерінің функңионалдық карауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану болып табылады.
Мекеме осы Ережеде айқындалған қызметінің мәні мен мақсаттарына қол жеткізу 3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары тармағындағы 1) – 32) тармақшаларымен айқындалған.
«Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» 3 (Үш) орманшылықтан құрылған. «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ-нің әкімшілік ғимараты Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Қонаев көшесі №1 а үйде орналасқан. Әкімшілік ғимарат -1979 жылы салынған. Жалпы алаңы -1.0526 га. Бөлмелер саны -9. Қабат саны-1. Меккеме ғимараты 2021 жылы қараша айында -19246425,84 теңгеге ағымдағы жөндеуден өткен.
Жалпы жер көлемі – 532092 гектар: оның ішінде:
Орманды жерлер - 354432га, орманмен көмкерген жерлер - 7073 га.
Орманды алқаптың жалпы ауданы – 532092га, ормансыз алқаптың жалпы
ауданы – 73150 га. Оның ішінде жайылымдар -70514га.
Мемлекеттік орман қоры аумағы жобаға сәйкес; 3 орманшылыққа, 3 орман шебері-техникалық учаскеге, 24 орман айналымына бөлініп тиісті мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жауапкершіліктеріне бекітіліп берілген.
Қазіргі таңда Сарысу КММ-де 1-директор, 1-директордың орынбасары, 1 бас есепші, 1-есепші көмекшісі, 1-заңгер, 1- кадр инспекторы, 4-орман инженер, 1-аңшылық маманы, 3- орманшылық басшысы, 3- орман шебері, 24- орманшы-қорықшы, 2-типтегі орман өрт сөндірушілер 39-адам, оның ішінде (4-ОӨСС бөлімінің басшысы, 5-автокөлік жүргізуші, 3-радиооператор, 3-слесарь, 4 тракторист-машинист, 20-жасақшы) 4- трактор жүргізушісі, 4 - көлік жүргізушісі, 1- еден жуушы, барлығы 89- адам қызмет атқарады.
Аудит объектісі тарапынан ұсынылған ақпаратына сәйкес, 2022-2024 жылдары аралығында ормандарды және жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастыру, қамтамасыз ету және орман қорын пайдалануды реттеу барысында бірқатар іс-шаралар атқарылған.
Мекеменің техникалық базасы туралы төмендегі кестеде көрсетілген:
Кесте
Автокөліктер мен тракторлардың маркасы |
Шығарылған жылы |
Мемлекеттік белгісі |
Техникалық жағдайы |
Ескерту | |
1. АВТО КӨЛІКТЕР | |||||
1 |
Уаз – таблетка |
2012 |
647 AI/08 |
орташа |
|
2 |
Уаз – таблетка |
2019 |
050 QQ/08 |
жақсы |
|
3 |
Нива-Шевроле |
2018 |
005AА/08 |
жақсы |
|
4 |
Уаз -бортовой |
2021 |
050ОQ/08 |
жақсы |
|
5 |
УАЗ -хантер |
2018 |
050 ОО/08 |
жақсы |
|
6 |
UAZ- 236324Profi |
2023 |
050QО/08 |
жақсы |
|
7 |
UAZ -362223 АЦ-09(өрт сөндіру көлігі) |
2018 |
392 AS/08 |
жақсы |
|
8 |
Ваз 2121 нива |
2013 |
671АR/08 |
жөндеуде |
|
9 |
Камаз 43114 АЦ-5-40 |
2004 |
673 АR/08 |
Тозығы жеткен |
|
2. ТРАКТОРЛАР | |||||
1 |
МТЗ-1221.2(Беларусь) |
2015 |
H637ALD |
жөндеуде |
|
2 |
МТЗ-952,2(Беларусь) |
2020 |
H572AUD |
жақсы |
|
3 |
МТЗ-82,1 (Беларусь) |
2019 |
H102AMD |
жақсы |
|
4 |
МТЗ-952,2(Беларусь) |
2020 |
H103AMD |
жақсы |
|
5 |
МТЗ-952,2(Беларусь) |
2017 |
H175APD |
жақсы |
|
6 |
МТЗ-920 (Беларусь) |
2023 |
H587AUD |
Өте жақсы |
|
7 |
МТЗ-82,1 (Беларусь) |
2013 |
H580ALD |
орташа |
|
3. МОТОЦИКЛ | |||||
1 |
Yinxianbq Yy250GY-с5с |
2020 |
49AL/08 |
орташа |
|
2 |
Yinxianbq Yy250GY-с5с |
2020 |
47AL/08 |
Өте жақсы |
|
Мекемеге қарасты мемлекеттік орман қорынан 2022-2024 жылдар аралығында жанама пайдалануға берілген жерлер туралы мәлімет төмендегі кестеде көрсетілген:
Кесте
Атаулары |
Пайдаланушы саны |
Мал басы |
Көлемі,га |
Сомасы,тг |
2022 жылы | ||||
Жалпы берілген жайылымдық жерлер көлемі,га |
55 |
7865 |
48935,5 |
1737,8 |
2023 жылы | ||||
Жалпы берілген жайылымдық жерлер көлемі,га |
82 |
14913 |
75937,4 |
2840,1 |
2024 жылы | ||||
Жалпы берілген жайылымдық жерлер көлемі,га |
41 |
12462 |
38890 |
2446,0 |
Жиыны |
178 |
35240 |
163762,9 |
7023,9 |
Сарысу мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінен өзге тұлғаларға жер беру немесе қосып алу өзгерістері болмаған.
2022-2024 жылдардағыорман қорғау, күзету жұмыстары бойынша
Мемлекеттік орманды күзету,қорғау мақсатында орман заңнамасына байланысты құқық бұзушылықты алдын алу , анықтау , жолын кесу мақсатында мекеменің орман қору инженері, орманшылық басшысының орынбасары, орман шеберлері және орманшы-қорықшылары қызметкерлерімен арнай топ құрылып, олар қызметтік автокөліктермен және құрал жабдықтармен жабдықталынып орман қоры жерлеріне рейдтер жүргізілініп, аталған жұмыстар нәтижесі әр 10 күн сайын кестеге сай басқармаға жолданып отырылуда. Сонымен қатар орман қоры жерінде 3 бақылау бекеті бар. Бірінші бақылау мұнарысы арқылы орман ахуалы үнемі қадағаланып, бақылынып отырылуда. Бірінші өрт бақылау бекеті «Байқадам» орманшылғының 3 айналым, 21 орамында орналастырылған. Орналасқан жердің аты «Қарашат». Екінші бақылау мұнарасы Түгіскен ормашылығының орман қорының 5 айналымындағы 31 орамдағы «Итаяқ» бекетіне және бір бекет Жайлаукөл ауылына қойылған.
Орташа ұзақтық радиостанциялар арқылы орманшылықтар мен облыстық басқарма арасында тұрақты байланыс орнатылған.
- Мекеменің өртке қарсы өрт сөндіру құралдарымен және жанар-жағармай қорымен толық жабдықталған.
- Бірлескен профилактикалық оқу-жаттығу әдістемелері өткізілген.
- Өрт қауіптілігі маусымында жергілікті тұрғындар мен орман пайдаланушыларға үнемі үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты жүргізілген.
- Мемлекеттік орман қоры аумағындағы шекаралас орналасқан орманшылықтармен бірлескен жоспар бекітіліп жасалынды. Елді мекендердегі жергілікті халық арасында жиындар өткізіліп, өртке қарсы насихаттау парақтары елді мекендердің халқы көп жиналатын көрнекі жерлеріне ілінген.
- Орман қоры аумағында және орман қорымен және орман қорына кіретін басты жол бойларына 20 дана өртке қарсы аншлагтар мен 3 дана панолар мен тақтайшалар орнатылған, өрт қауіптілігі маусымы басталар мерзімде ағымды жаңарту жұмыстары жүргізілген.
2022-2024 жылдардағы орман қорында орын алған заң бұзушылақтар бойынша
2022 жылы «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қорында ешқандай өрт оқиғасы тіркелмеген.
2022 жылдың 12 айында 48 рейд жүргізіп, орманды күзету және қору жұмыстарының нәтижесінде 30 хаттама толтырылған.
Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылған.
Атап айтсақ:
- 1 дерек өрт маусымы бойынша құқық бұзушылық. (367 бап 1 тармақ)
- 15 дерек заңсыз балық аулау қағидасын бұзған. (383 бап 1 тармақ)
- 5 дерек Заңсыз аң аулау фактісі бойынша. (382 бап 1 тармақ)
- 2 дерек заңсыз бұта ағашын босату. (368 бап 1 тармақ)
- 10 дерек заңсыз мал жаю. (382 бап 1 тармақ)
Барлық хаттамалар бойынша салынған әкімшілік айып пұл мөлшері - 336,9 (үш жүз отыз мың тоғыз жүз отыз ) теңге және залал 75,6 ( жетпіс бес мың алты жүз еле бесте бір ) теңге өндірілген.
2023 жылдың 12 айында 48 рейд жүргізіп, орманды күзету және қору жұмыстарының нәтижесінде 30 азамат ұсталынды. Барлық құқық бұзушылар дерлік әкімшілік жауапқа тартылған.
Атап айтсақ:
- 2 дерек заңсыз балық аулау қағидасын бұзған. (383 бап 1 тармақ)
- 4 дерек Заңсыз аң аулау фактісі бойынша. (382 бап 1 тармақ)
- 1 дерек заңсыз бұта ағашын босату. (368 бап 1 тармақ)
- 17 дерек заңсызмал жаю. (382 бап 1 тармақ)
- 6 дерек орман қорын ластаған үшін . (366 бап 1 тармақ)
Барлық хаттамалар бойынша салынған әкімшілік айып пұл мөлшері – 152250(жүз елу мың екі жүз елу) теңге және залал 397545(үш жүз тоқсан жеті мың бес жүз қырық бес) теңге өндірілген.
2024 жылдың 12 айында 48 рейд жүргізіп, орманды күзету және қору жұмыстарының нәтижесінде 39 азамат ұсталынды. Барлық құқық бұзушылар дерлік әкімшілік жауапқа тартылған.
Атап айтсақ:
- 26 дерек заңсыз орман қорында мал жаю (370 бап 2 тармақ) ;
- 1 дерек заңсыз балық аулау қағидасын бұзған. (383 бап 1 тармақ)
- 11 дерек заңсыз аң аулау қағидасын бұзу туралы (382 бап 1 тармақ)
-1 дерек заңсыз қызыл кітапқа енген аңы (337 бап 1 тармақ) .
Барлық хаттамалар бойынша салынған әкімшілік айыппұл мөлшері – 155,0 ( жүз елу бес мың алпыс төрт) тенге, залалдың мөлшері – 4960,0 (төрт миллион тоғыз жүз алпыс мың он жеті) теңге. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы айыппұлы мен залал келтіру бойынша шығыны толық өндірілген.
2022-2024 жылдардағы орман молықтыру жұмыстары бойынша
2022 жылы күз айында Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орманшылықтардан 8210,0 кг сексеуіл ағашының тұқымы жиналған. Жайлаукөл орманшылығына 20 га тұқымбақ жеріне 1860 кг ұрық себіліп, шығымы – 66,7 % құраған және 1270 га жерге 6350 кг сексеуіл ұрығы себіліп шығымы – 55 % құраған. Сонымен қатар 450 га жерге сексеуіл көшетімен 1406250 дана көшет отырғызылып шығымы – 32,5 % құраған.
Байқадам орманшылығы 1 га жеріне 144 кг қарағаш ұрығы себіліп шығымы – 60 % құраған.
2023 жылы күз айында Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орманшылықтардан 14235 кг сексеуіл ағашының тұқымы жиналған. Жайлаукөл орманшылығына 25 га тұқымбақ жеріне 2325 кг ұрық себіліп, шығымы – 14,9 % құраған және 2400 га жерге 12000 кг сексеуіл ұрығы себіліп шығымы – 70 % құраған. Сонымен қатар 500 га жерге сексеуіл көшетімен 1562500 дана көшет отырғызылып шығымы – 45 % құраған.
Байқадам орманшылығы 1 га жеріне 144 кг қарағаш ұрығы себіліп шығымы – 22,7 % құраған.
2024 жылы күз айында Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орманшылықтардан 3900 кг сексеуіл ағашының тұқымы жиналған. Жайлаукөл орманшылығына 20 га тұқымбақ жеріне 1500 кг және 300 га жерге 2400 кг сексеуіл ұрығы себіліп шығымы күзгі санақ кезінде анықталады. Сонымен қатар 800 га жерге сексеуіл көшетімен 2500000 дана көшет отырғызылып шығымы – 45 % құраған.
2022-2024 жылдарға өрт маусымы бойынша.
Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бұйрығымен мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпі бар маусым кезеңдері белгіленген. Мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі іргелес жатқан барлық орман шаруашылық мекемелерімен өрт қауіпсіздігі кезеңінде, төтенше жағдайлар кезінде бірлесе іс-қимыл жасау тактикалық жоспары және Сарысу ауданы төтенше жағдайлар бөлімімен бірлескен өрт қауіпсіздігі кезеңінде, өрттің алдын алу жөніндегі 2022, 2023, 2024 жылға арналған бірлескен профилактикалық іс-шара жоспары жасалынып, Сарысу ауданы әкімімен бекітілген.
Орман өртін кең көлемде таралуға жол бермеу үшін шекаралас орналасқан орман шаруашылық мекемелерімен (Ақкөл, Ұланбел) іс-шара жоспарлар жасалған, келісімделген. Ауыл әкімшілігіменде орман және дала өрттерін өшіру туралы келісім шартқа отырған.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары мен орман пайдаланушылар арасында өрт қауіпсіздігі талартарын түсіндіруге бағытталған 85 дана парақшалар таратылып, үгіт-насихат профилактикалық іс-шаралары жүргізілініп орман қоры жерлеріне өрт маусымына байланыста өрт тақырыбы бойынша 20 дана аншлаг пен 3 дана панно жасалынып ілінген. Сонымен қатар өрт маусымы белгіленген мерзім БАҚ бойынша Сарысу газетіне екі мәрте мақала жария етілген. Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өрт қаупі бар маусым белгілеу туралы №31-ө бұйрығына сәйкес қызметкерлердің кезекшілік кестесі жасалынып, бекітіліп, қызметкерлер дерлік таныстырылған, барлығы дерлік орман қоры жерінде және табиғи дала өрттерін сөндіру тактикасы мен техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау нұсқамасынан өткен. Орман қорықшылары мен орман өрт сөндірушілерден құралған кезекшілік топтар өздеріне бекітілген өрт мұнараларында кезекшілікте тұруда. Орман қоры жеріндегі барлық ахуалды кестеге сай баяндаулуда. Мекеме мамандары арасынан да өрт қауіпі маусымына байланысты, кезекшілер қойылып, Жамбыл облыстық инспекция мамандарына орман қорының хал-ахуалы жайлы ақпарат беріліп отырған. Басшы тарапынан өрт қауіптілігі кезеңіне арналған іс-шаралар дерлік бақылауға алынған. Минералды жолақтарға күтім жасау бойынша жылдық жоспарға сәйкес орман қоры жерінің 870 шақырым жеріне күтім жасалынған.
Мемлекеттік орман қорында өрт болдырмау іс-шаралары бойынша өрт қауіпі кезеңінде ешқандай өрт оқиғасы тіркелген жоқ. Сарысу аудандық Сарысу газетіне өртке қарсы 2 мақала жарияланған.
2022-2024 жылдар аралығында орман өрті болмаған.
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуы және жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізілуі бойынша
Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2024 жылдардағы 006 бюджеттік бағдарламасында бекітілгендей жабайы аң-құстардың есебін жүргізу, жыл бойына 2 рет жүргізлетіні жоспарланып, әр санаққа мекеме басшысының бұйрықтары шығарылып, оған арнайы орман – қорықшылардан құралған топтар құрылып, санақ жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілген. Орман қорында 6 санақ жұмыстарын жүргізу барысында мынадай аң-құстардың өсімін молайту және есепке алу мониторингі жасалған.
№ |
Жануарлар түрі |
2022 |
2023 |
2024 |
1 |
Арқар |
51 |
60 |
57 |
2 |
Түлкі |
224 |
232 |
204 |
3 |
Қасқыр |
133 |
142 |
133 |
4 |
Қарсақ |
236 |
240 |
235 |
5 |
Шибөрі |
86 |
135 |
140 |
6 |
Елік |
12 |
10 |
7 |
7 |
Қоян |
189 |
201 |
209 |
8 |
Мәлін |
42 |
40 |
56 |
9 |
Қарақұйрық |
117 |
123 |
119 |
Сарысу орман шаруашылығы бойынша 2023 жылы жануарларды қорғауға биотехникалық іс-шаралар мақсатында 006 бюжеттік бағдарламасы бойынша 1 тонна тұз, 550000 жем-шөп алынып іске толығымен асырылған. 2024 жылы 006 бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 тонна тұз және 414499,5 теңге жем-шөп бөлініп толығымен іске асырылған.
Айта кететін мәселелерге тоқталсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Мемлекеттік орман иеленушінің орман өрт сөндіру станциясы туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылдың 30 қаңтардағы №18-02/54 бұйрығының (бұдан әрі Өрт сөндіру станциясы) 25 тармағының 4) тармақшасына сәйкес өрт сөндіру машиналары үшін жылытылатын гараж жоқ екені байқалады.
Сонымен қатар, мекеменің теңгерімінде 100%-ға тозығы жеткен 2004 жылы шығарылған Камаз маркалы өрт сөндіруге арналған арнайы техникасы тіркелген. Алайда, мекемеге тиесілі 532092 гектар орман алқабында, өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын алу және оның салдарын жедел жою мақсатында, материалдық-техникалық базаны нығайту қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты, қазіргі уақытта қызметке тозығы жеткен аталған арнайы техниканы заманауи, талаптарға сай жаңа өрт сөндіру техникасына ауыстыру қажет деп пайындаймыз.