Аппарат Жанааркинского районного маслихата

    Общая информация

    Жаңаарқа аудандық маслихатының ресми сайтына қош келдіңіздер!

    Құрметпен, Жаңаарқа аудандық мәслихатының хатшысы Бекқожин Юржан Асанұлы Жаңаарқа аудандық мәслихатының ресми сайтында Сіздерді қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазіргі заман мемлекеттік билік органдарының жұмысын айқын етіп көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен ерекшеленеді.

    Біздің сайттан Жаңаарқа аудандық мәслихаты өкілділігі және құзіреті жайлы біле аласыздар, аудандық мәслихаттың сапалы құрамымен, оның депутаттарының өмірбаяндық анықтамалығымен, тұрақты комиссиялардың дербес құрамымен таныса аласыздар. Бұнда сессиялар, кезектен тыс сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралған мәселелер толықтай қамтылған.

    Жаңаарқа ауданының жалпы халқының саны 34 мың 588 адам құрайды. Осы аудан халқының саны негізінде, 2021 жылдың 15 қаңтарында мәслихаттың VII шақырылымына 11 депутат «AMANAT» партиясына, 1 депутат «Ауыл» партиясына сайланды. Депутаттар арасында әлеуметтік сала, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлер, теміржол саласының мамандары бар. Біздің ресми сайт Сіздердің әрқайсыларыңыздың Жаңаарқа ауданының мәслихаты бойынша толық ақпарат алудың басты көзі болып табылатынына сенімдімін.

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.