Oтдел анализа и мониторинга

    Общая информация

    Маңғыстау облысы білім басқармасының

    Талдау және мониторинг бөлімі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер
    1. Талдау және мониторинг бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысы білім басқармасының (бұдан әрі – Басқарманың) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және білім беру мониторингісін жүзеге асырады.
    2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 2 ақпандағы «Білім туралы» Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет көрсету және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін өзге де білім саласының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің және әкімінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Бөлім 3 бірліктен:

    1) басшыдан;

    2) 2 бас маманнан тұрады.

    1. Бөлімнің штат саны басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
    1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
    2. Міндеті: Білім саласының дамуы бағыттары бойынша талдау жасау.

    Функциялары:

    1) білім беру жүйесінің жай-күйіне сараптамалық талдау жасау;

    2) талдау материалдарынан жинақ шығару;

    1. Міндеті: Облыстағы білім беру ұйымдарындағы білім берудің жағдайының мониторинг және талдау жасау.

    Функциялары:

    1) білім беру процестерін жүзеге асырудың жай – күйіне және нәтижелері мен шарттарын талдау;

    2) білім алушылар контингентін бақылау;

    3) білім беру желісін анықтау;

    1. Міндеті: Білім беру ұйымдарының рейтингілік көрсеткіштерін анықтау.

    Функциялары:

    1) білім беру ұйымдарының рейтінгілік көрсеткіш бойынша талдау және жоспарлау;

    2) мониторинг қорытындылары бойынша алынған мәліметтер арқылы (білім беру ұйымы қызметі деңгейінің сандық және сапалық көрінісі) бағалау процесінің нәтижелерін анықтау;

    3) білім беру ұйымын бағалауды анықтау үшін қолданылатын, білім беру саласындағы нормативтік құқықытық немесе нормативтік актілермен бекітілген талаптардың жиынтығын шығару;

    1. Міндеті: Білім саласына қатысты облыс әкімінің және басқарма басшысының баяндамаларын жобасын әзірлеу.

    Функциялары:

    1) басқарма басшылығының баянсөздерінің дайындалуын қамтамасыз ету;

    2) облыс әкімінің, басқарма басшысының жұмыс сапарларына ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауға басшылық жасау;

    3) білім беру саласына қатысты жасақталған баяндамаларға және ақпараттық-талдамалық материалдарға слайдтартар және инфографика дайындау.

    1. Міндеті: Білім басқармасының іс-қимыл жоспарын жасақтау.

    Функциялары:

    1) бөлімдердің алдағы және ағымдағы кезеңдерге арналған жоспардың орындалысын қамтамасыз ету;

    2) жоспар орындалысы туралы Басшылыққа ақпарат беру;

    1. Міндеті: Білім басқармасының жылдық есептерін жинақтау.

    Функциялары:

    1) тоқсандық және жылдық есептерді және басқа да сараптамалық мағлұматтар мен ақпараттарды бекітілген үлгілерде және уақыттарда сапалы тапсыруларын қамтамасыз ету.

    1. Міндеті: «Үздік орта білім беретін ұйымы» атты облыстық конкурсты ұйымдастыру және өткізу.

    Функциялары:

    1) «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурс өткізу туралы облыс әкімдігінің қаулысы әзірлеп, бекіту;

    2) «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурсқа жұмысшы тобын құрылып, қатысушы мектептердің жұмысын зерделеуін қамтамасыз ету;

    3) облыстық әкімінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен конкурстық комиссияға үміткерлерді ұсынуды жүзеге асырады.

    1. Міндеті: Басқарманың ресми сайтын үзіліссіз жұмыс істеуі және оның жаңғыртылуы мен дамуын қадағалау.

    Функциялары:

    1) сайтпен жұмыс істеу туралы білім мекемелеріне ережелерін әзірлеу;

    2) ресми сайттың айдарлары мен бөлімдерінде мәліметтердің толықтырылуын қадағалау;

    3) қажет жағдайда ресми сайттың мәзірдегі бөлімдердің құрылымына өзгерістер әзірлеу;

    1. Міндеті: Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау.

    Функциялары:

    • білім саласындағы атаулы іс-шараларға пресс-релиздерін дайындау;
    • іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен қамтасыз ету;

    3) іс-шараларда интервью беретін спикерлерді әзірлеу;

    4) білім беру саласы бойынша облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейде жариялаған материалдарға мониторинг жасақтау.

    1. Міндеті: «Ашық Үкімет» интернет – порталындағы «Ашық деректер» базасына білім беру ұйымдары туралы деректерді енгізу.

    Функциялары:

    • аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының деректерін жинақтау;
    1. Міндеті: Мектепке дейінгі білім және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім бойынша тоқсан сайын статистикалық мәлімет жинағын шығару.

    Функциялары:

    1) басқарманың тиісті бөлімдерінен мәліметтер жинақтау;

    2) бөлімдерінен ақпараттарды жинақтап талдау.

    1. Міндеті: Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тиімдлігін бағалау және талдау жасау.

    Функциялары:

    1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы жылдық жоспардың орындалысын қамтамасыз ету;

    2) білім басқармаға бағынысты мекемелерден ай сайын мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша есептілігін жинақтау;

    3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу;

    1. Міндеті: Білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және заң талаптарына сәйкес жүргізілуіне ішкі бақылау жүргізу.

    Функциялары:

    1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жинақталған мәліметтерге мониторинг жасау;

    2) білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарына талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

    3) білім беру ұйымдары мемлекеттік көрсетілетін қызметіне ішкі бақылау жүрзіру.

    1. Міндеті: Білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    • Қазақстан Республикасының баспа орындарымен оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендеріне берілген сұраныстардың орындалысы жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады.
    • Кітапхана қоры және оқулықтар бойынша ақпараттарды жинайды, талдау жүргізеді, болжам жасайды және солардың негізінде ұсыныстар береді.
    1. Бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын және өзге де мелекеттік қызметкерге қойлатын міндеттер мен функцияларды іске асыруға жауапты.
    1. Бөлім негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:

    1) құзыреті шегінде барлық жергілікті мемлекеттік органдардың, ақпараттық деректер банкін қолдануға;

    2) өз құзыреті шегінде осы Ережеге сәйкес зерделеу жүргізуге;

    3) Бөлімнің және Басқарманын функционалдық қызметіне қажетті ақпарат пен құжаттарды аудандық, қалалық білім бөлімдерінен, бағынысты меекмелерден, жергілікті және аумақтық органдардан, басқармалардан сұратуға және алуға;

    4) зерделеудін тікелей нәтижелері және нақты орындалған жұмыс көлемдері туралы Басқарма басшысын хабардар етуге;

    5) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

    6) бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде кеңестер мен комиссиялардың жұмысына қатысуға;

    7) басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес Бөлімнің қызмет бағыттарына қатысты мәселелер бойынша қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, бағынысты мекемелердің қызметіне зерделеу жүргізуге;

    8) бөлімге жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізілетін іс-шараларды жасақтауға және іске асыруға бағынысты мекмелердің, Басқарманын қызметкерлеріне тартуға;

    9) бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    10) Заңмен және осы ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды Басқарманың басқа құрылымдық бөлімдерінен сұратуға.

    1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
    1. Бөлім Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылығы дербес, басқарма басшысына және басқарма басшысының орынбасарына тікелей бағынады.
    2. Бөлімді қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқарма басшысымен қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы басқарады.
    3. Бөлім басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін басқарма басшысының бұйрығына сәйкес, бас маман атқарады.
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.