Отдел бюджетного планирования, финансирования и экономического анализа Управления сельского хозяйства Туркестанской области
Общая информация
Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің қызметі
- жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
- Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарында азаматтарға көзделген құқықтар мен еркіндіктерді пайдалануға;
- өз құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланыс жасауға;
- қызмет бабындағы құжаттарға өз құзіретінің шегінде қол қоюға және келіп түскен тапсырмалардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін бөлім қызметкерлеріне тапсырма және нұсқау беруге;
- жеке басының қадір қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар, азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;
- әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
- зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етілуге;
- еңбек, денсаулық жағынан қорғалуға және жоғарғы еңбек өнімділігіне қажетті еңбек жағдайларының болуына құқылы.
- . Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтау;
- өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыру;
- басқарма басшысының бұйрықтарын, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындау, бөлім қызметіне басшылық жасау;
- лауазымдық міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
- бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін анықтау;
- бөлімнен шығатын құжаттарға қол қою, келіп түскен тасырмалардың орындалуын қадағалау;
- жылдық бюджеттік бағдарламаны жоспарлау, стратегиялық жоспардың бекітілуін қамтамасыз етіп, тиісті органдарға тапсыру;
- бекітілген бюджетке сәйкес штат кестесін түзу, штат кестесі бойынша еңбек ақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету;
- жоғарғы құзырлы органдарға, экономика және қаржы басқармаларына айлық, тоқсандық есептердің уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету;
- басқарма және бөлімнің қызметіне байланысты іс-сапарларға шығу;
- мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтау;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі талаптарын бұлжытпай орындау;
- мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;
- қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыру;
- басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басқарма басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңыңың 12–бабында, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 10-бабында көрсетілген әрекеттерге жол бермеу;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу.