Отдел бюджетного планирования и финансов

    Общая информация

    Маңғыстау облысы білім басқармасының

    Экономика және жоспарлау бөлімі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер
    1. Экономика және жоспарлаубөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасының білім саласындағы Заңдарының және нормативтік актілерінің, Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарының, Қадамдық іс-шаралар жоспарын жүзеге асырады.
    2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік Кодексі, «Білім туралы» 2017 жылғы 11 шілдедегі Заңын,білім саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің және әкімінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Бөлім 3 бірліктен:

    1) басшыдан;

    2) бас маманнан (2 бірлік) тұрады.

    1. Бөлімнің штат саны басқарма басшысының бұйрығымен бекітіледі.
    1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,

    құқықтары мен міндеттері

    1. Міндеті: Білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес,бөлімнің жоспарын жасақтау.

    Функциялары:

    • Бөлімнің алдағы және ағымдағы кезеңдерге арналған жоспарларын жасақтайды;
    • Бөлім жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді
    • Жоспардың орындалысы туралы басшылыққа ақпарат береді.
    1. Міндеті: Бөлімге тапсырылған міндеттердің орындалуын қадағалайу.

    Функциялары:

    • Бөлімдегі қызметкерлердің орындаушылық тәртібін қадағалайды;
    • ағымдағы есептік мәліметтерді, тоқсандық және жылдық есептерді және басқа да сараптамалық мағлұматтар мен ақпараттарды бекітілген үлгілерде және уақыттарда сапалы тапсыруларын қамтамасыз етеді.
    • Бөлім қызметкерлерінен алған есептерге, мәліметтерге және ақпараттарға сараптама жасап, жоғары ұйымдарға беру үшін жиынтық ақпарламалар дайындайды.
    1. Міндеті: Құзырлық ететін саласы бойынша Қазақстан Республикасының білім саласындағы Заңдарының және нормативтік актілерінің жүзеге асыру.

    Функциялары:

    1. Құзырлық ететін саласы бойынша Қазақстан Республикасының қаржы және білім саласындағы Заңдарының және нормативтік актілерінің жүзеге асыру.
    • Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарын,Қадамдық іс-шаралар жоспарын жасақтау арқылы жүзеге асырады.

    2) Қазақстан Республикасының қаржы саласындағы Заңдарының және нормативтік актілеріне сәйкес, орындалуын қадағалау және кеңес беру.

    1. Міндеті: Үш жылдық бюджетті жоспарлау.

    Функциялары:

    1) Аудандар мен қалалық білім бөлімдерінен Білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базаларын нығайтуға және күрделі шығындарға ұсыныстарын, бағынысты білім ұйымдарының ағымдағы және күрделі шығындар сұраныстарын жинақтау;

    2) Қазақстан Республикасының білім саласындағы Заңдарының және нормативтік актілеріне сәйкес, бюджеттік өтінімдерін әзірлеу;

    3) Білім беру бойынша ағымдағы жылға және алдағы үш жылға арналған үшжылдық бюджетті экономика және бюджетті жоспарлаубасқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді;

    4) Білім беру ұйымдарының желісін дамыту және материалдық техникалық базаларын нығайту, оқулықтармен қамту бойынша ұсыныстар мен сұраныстарға сәйкес жиынтық бюджеттік өтінім жасақтайдыжәне экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына уақытында тапсырады.

    1. Міндеті: Білім саласындағы еңбек ақы жүйесін қадағалау.

    Функциялары:

    • Қазақстан Республика Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» қаулысына сәйкес, штаттық кестелердің типтік штаттарға сәйкестігін қарау;
    • Бағынысты білім ұйымдарында баланың қамтылуының өсуі, оқу жылына класс-комплектің және мемлекеттік тапсырыстың көбеюіне байланысты штаттық кестемен тарификацияны бекіту;
    • Бағынысты білім ұйымдарының еңбекақы қорын қалыптастырудың дұрыстығын тексереді.
    1. Міндеті: Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар мен іс-шаралар

    жоспарын іске асыру.

    Функциялары:

    • Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қажетті қаражаттар сұранысын жинақтап, тиісті органдарға ұсыну;

    2) Білім беру шығындарын жоспарлаудың дұрыс және экономикалық дәйектемелігін, жоспарлау мен есептеу көрсеткіштерін талдауды, жүйелеуді қамтамасыз етеді;

    1. Міндеті: Республикалық және жергілікті бюджеттің бекітілген жылдық жоспарына және оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу:

    Функциялары:

    • Аудандық/қалалық және білім беру ұйымдарынареспубликалық және жергілікті бюджеттен бөлінген бюджетті сұранысқа сәйкес, мақсатты жоспарлау;
    • Білім беру ұйымдарына бекітілген жылдық қаржы жоспарында анықталған артық қаржыларды қайта бөлу туралы мекемелердің ұсыныстарын қарастыру;

    «Парус-КАЗ.Бюджет» бағдарламасы арқылы бағынысты білім ұйымдарының ай сайынғы жылдық жоспарларына өзгерістермен толықтырулар енгізу жұмыстарын жасау;

    1. Міндеті: Қаржылық жоспарды Жүйеге отырғызу, маслихат шешімі бойынша, ағымдағы және ішкі жылжытуды жасақтау, өтуін қадағалау.

    Функциялары:

    1) Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржылық жоспарды уақытында Жүйеге тіркеу;

    2) Ағымдағы және маслихат шешімімен бөлінген қаражаттың жылжыту сұранысы Жүйе арқылы өту үшін Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментіне бағынысты мекемелердің шоттарын жабуға хат жолдау;

    3) Ағымдағы және маслихат шешімімен бөлінген қаражаттың жылжыту сұранысы Жүйе арқылы өту үшін Маңғыстау облысыныңқаржы басқармасына бағынысты мекемелердің шоттарының жабылғандығы туралы хаттың көшірмесін, 4 – 20 формасын электрондық жүйеде, бюджеттік сұранысын жолдау;

    2) Бағынысты мемлекеттік мекемелердің сұранысы бойынша ішкі жылжытуды уақытында Жүйеге тіркеу;

    3) Бағынысты мемлекеттік мекемелердің сұранысы бойынша ағымдағы жылжытуды Маңғыстау облысының қаржы басқармасына уақытында ұсыну және Жүйеге тіркеу;

    4) Маслихат шешімі бойынша бөлінген қаражатты бағынысты мемлекеттік мекемелермен жасақталғансұранысын жылжытуға Маңғыстау облысының қаржы басқармасына уақытында ұсыну және Жүйеге тіркеу.

    1. Міндеті: Бюджеттік бағдарламалардың орындалысын қадағалау.

    Функциялары:

    • Республикалық және жергілікті бюджет бекіту және нақтылау барысында бөлінген қаражаттарға,мемлекетті бағдарламалардың білім саласы бойынша тікелей және нәтижелі көрсеткіштеріне сәйкес, бюджеттік бағдарлмалар жасақтау.
    • Жылдық бюджеттік бағдарламалардың орындалысын, соның ішінде тікелей және нәтижелі көрсеткіштерінің орындалысы туралы есептемені тиісті жоғарғы органдарға жолдау.
    1. Міндеті: Мектепке дейінгі ұйымдарды, жалпы орта білім беру және техникалық және кәсіптік білім берудің инфраструктурасын дамыту.

    Функциялары:

    1) «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру»және Аймақтық даму бағдарламаларғасәйкес, оқушы орнының тапшылығы және үш ауысымда сабақ жүргізетін мектептер үлесінің жылдарға жоспарланған индикаторларын және көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету;

    2) Апаттық білім беру мектептері, үш аусымдық мектептер және мектептердегі орын тапшылығын алдын-ала анықтау мақсатында, мониторинг жасақталады, әрі қарай білім объектісінің құрлысына сұраныс бойынша жобалау сметалық құжаттамсын тиісті органдар әзірлейді.

    • Инвестициялық жобаларды республикалық бюджет есебінен құрлыстарды бастау үшін, жоғары тұрған министрлікке 300 орыннан жоғары білім объектісінің құрлысына жобалау сметалық құжаттамалары ұсыныс болып жолданады;
    • Инвестициялық жобаларды жергілікті бюджет есебінен құрлыстарды бастау үшін, тиісті органға 300 төмен немесе жоғары білім объектісінің құрлысына жобалау сметалық құжаттамалары ұсыныс болып жолданады;
    1. Міндеті: Білім саласындағы күрделі шығындарды жоспарлау.

    Функциялары:

    1) Білім нысандарындағы ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының мониторингін жүргізеді, мәлімет дайындайды;

    2) Бағынысты мекемелердің ұсыныстары негізінде бюджетті нақтылау кезінде күрделі шығындарға қосымша қаражат бөлу үшін тиісті есептеулермен жинақтап, ұсыныс дайындайды;

    • Қолданыстағы барлық Мемлекеттік және Аймақтық бағдарламаларға сәйкес бөлінген қаражаттардың орындалысын мониторинг жасайды және жоғары органдарға тапсыру үшін жиынтық мәліметтерді жасақтайды. Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры бойынша есептердегі қаржыға қатысты бөлігінің дұрыс толтырылуына көмек көрсетеді;
    • Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, бағыныстағы мекемелердің ұсыныстары негізінде республикалық және облыстық бюджеттен қаражаттар бөлуге жинақ сұранысын жасайды.
    1. Міндеті: Бөлімге келіп түскен арыз, шағымдарға заң шеңберінде мезгілінде жауап беруін ұйымдастыру .

    Функциялары:

    • Бөлімге түскен лауазымдық міндеттеріне қатысты өтініштерге, арыздарға және хаттарға уақытылы жауап дайындайды.
    1. Бөлім Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік Кодексі бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асыруға жаупаты.
    2. Бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын және өзге де мемлекеттік қызметшіге қойлатын міндеттер мен функцияларды іске асыруға жауапты.
    3. Бөлім негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:

    1) құзыреті шегінде барлық жергілікті мемлекеттік органдардың, ақпараттық деректер банкін қолдануға;

    2) өз құзыреті шегінде осы Ережеге сәйкес зерделеу жүргізуге;

    3) Бөлімнің және Басқарманын функционалдық қызметіне қажетті ақпарат пен құжаттарды аудандық, қалалық білім бөлімдерінен, бағынысты меекмелерден, жергілікті және аумақтық органдардан, басқармалардан сұратуға және алуға;

    4) тексерулердің тікелей нәтижелері және нақты орындалған жұмыс көлемдері туралы Басқарма басшысын хабардар етуге;

    5) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

    6) Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде кеңестер мен комиссиялардың жұмысына қатысуға;

    7) Басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес Бөлімнің қызмет бағыттарына қатысты мәселелер бойынша қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, бағынысты мекемелердің қызметіне зерделеу жүргізуге;

    8) Бөлімге жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізілетін іс-шараларды жасақтауға және іске асыруға бағынысты мекмелердің, Басқарманын қызметкерлеріне тартуға;

    9) Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    10) Заңмен және осы ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды Басқарманың басқа құрылымдық бөлімдерінен сұратуға.

    1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
    1. Бөлім Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылығы дербес, басқарма басшысына және басқарма басшысының орынбасарына тікелей бағынады.
    2. Бөлімді қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқарма басшысымен қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы басқарады.
    3. Бөлім басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін басқарма басшысының бұйрығына сәйкес, бас маман атқарады.
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.