Отдел духовно-нравственного развития человека, дополнительного образования и воспитательной работы
Адамның адамгершілік рухани даму, қосымша білім беру
және тәрбие жұмыстары бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Адамның адамгершілік рухани даму, қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысы білім басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімі болып табылады және тәрбие, қосымша білім беру жұмыстарын, құқықбұзушылықтын алдын-алу жұмыстарын жүзеге асырады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің және әкімінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3 Бөлім 3 бірліктен:
1) басшыдан;
2) бас маманнан;
3) әдіскерден тұрады.
- Бөлімнің штат саны білім басқармасы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
- Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
- Міндеті: Құзырлық ететін саласы бойынша Қазақстан Республикасының білім саласындағы Заңдарының және нормативтік актілерінің жүзеге асыру.
Функциялары:
- Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарын, Қадамдық іс-шаралар жоспарын жасақтау арқылы жүзеге асырады.
- Құзырлық ететін саласы бойынша тиісті нормативтік актілерінің жобасын дайындау.
- Міндеті: Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру:
Функциялары:
1) Жалпы білім беретін мектептер мен колледждердегі құқықтық тәрбие беру, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарын қамтамасыз етуді үйлестіреді, ұйымдастырады, бақылайды;
2) ішкі істер есебіндегі кәмелетке толмағандардың деректер банкін қалыптастырады, қажеттілікті анықтайды және ұсыныстар дайындайды;
2) Балаларға қатысты тұрмыстық зорлық- зомбылық жасаған балалармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізуге қатысу, өмірде қиын жағдайға душар болған балаларға арнаулы қызметтер көрсету жұмыстарын ұйымдастырады;
3) Мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп құқықбұзушылықтын алдын алу жұмыстарын ұйымдастырады.
- 3. Міндеті: Адамның адамгершілік рухани дамуы бойынша және тәрбиелік шараларын ұйымдастыруды жүзеге асыру:
Функциялары:
1) жалпы білім беретін мектептер мен колледждердегі тәрбие жөніндегі орынбасарлардың үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы мен тәрбие берудің кешенді бағдарламасының бағыттарына сәйкес жұмыстардың үйлестірілуі мен орындалысын қадағалайды;
2) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарындағы жастар ұйымдарының, жастар орталықтары мен қоғамдық ұйымдарының тәрбие бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді;
3) Білім беру ұйымдарында рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиені дамытып қалыптастыруға, «Өзін-өзі тану» пәнінің берілісіне әдістемелік көмек көрсетеді;
4) қосымша білім беру ұйымдарының желісіне мониторинг жасақтайды, желісін көбейту бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) өсіп келе жатқан өрендердің бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарынын жұмысына бағыт береді.
- М індеті: Балаларды жазғы сауықтыру мақсатында, жазғы демалысын ұйымдастыру:
Функциялары:
1) жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыру, еңбекпен, танымдық шығармашылық, спорттық, туристік, интеллектуальдық шаралармен қамтуын ұйымдастырады;
2) «Балдаурен» оқу – сауықтыру және «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталықтарымен жұмыстарды және оқушылардың жазғы демалысының ұйымдастырылуын үйлестіреді;
3) жазғы сауықтыру кезінде әскери-патриоттық лагерін ұйымдастырады;
4) оқу демалысы кезінде жергілікті жерлерде және облыстан тыс өңірлерде балалардың туристік лагерьлерін, танымдық саяхаттарын ұйымдастырады.
- Міндеті: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, туризм және спортты дамыту бағыты бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Функциялары:
1) облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм орталығы мен Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының жұмыстарына жетекшілік етеді;
2) білім беру ұйымдарында туризм саласын дамыту мақсатында педагогикалық қызметкерлермен, қосымша білім педагогтарымен жұмыстарды ұйымдастырады;
3) жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында мекемелер мен кәсіпорындармен ынтымақтастық қарым-қатынас шараларын жасау;
4) спорттық шараларын өткізеді және ұйымдастырады;
5) кәмелетке толмағандардың арасында нашақорлық пен есірткінің алдын алу бағытында жұмыстар ұйымдастырады;
6) спорттық секциялармен, онын ішінде Республикалық спорттық турнирлермен қамтылған оқушылардың санын көбейту бағытында жұмыстарды ұйымдастырады;
7) спорттық секцияларын желін көбейту мақсатында, мектептерде спорттық лигасын құру жұмыстарын ұйымдастырады;
8) қосымша білім беру ұйымдарын және спортзалдарын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтандыру бағытында жұмыстар ұйымдастырады;
9) мектептерде қызығушылығы бойынша үйірмелердін және спорттық секциялардын санын көбейту бағытында жұмыстар жүргізеді.
- Міндеті: Қосымша біліммен қамту жұмыстарын ұйымдастыру.
Функциялары:
1) ата-аналары ата-аналық құқығынан айырылған балалар, сәтсіз отбасы, құқық бұзушылық балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс уақытын тиімді пайдалануда үйірме, мәдени –танымдық шараларға тарту жұмыстарын ұйымдастырады;
2) білім беру ұйымдарында үйірмелер, клубтардың жұмыстарын ұйымдастыруды қадағалайды, үйірме, клубтар ашуға ұсыныстар береді;
3) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, бағынысты мекемелердің балаларды қосымша біліммен қамтамасыз ету бойынша ведомстволық статистикалық есептерін дайындайды;
4) қосымша білім беру ұйымдарының жұмыстарын бақылайды, жетекшілік етеді;
5) қосымша педагог мамандардың жұмыстарына бағыт береді;
6) Мектептердегі «Робототехника» элетивтік курстын енгізуіне, кабинеттермен жабдықталуына бағыт береді;
7) қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізеді;
8) «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар мен жастар қозғалысымен қамтылған оқушылардың санын көбейту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады;
9) қосымша білім беру ұйымдарынын желісін көбейту бағытында жұмыстар атқарады;
- Міндеті: Өзіне қол жұмсаудың және діни экстремизмнің алдын алу.
Функциялары:
1) Кәмелетке толмағандардың арасында өзіне- өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау бойынша медициналық қызметтер мен мектеп психологтарының бірлескен жедел ден қоюларын қамтамасыз етеді;
2) мектеп, колледждердің мұғалімдері, директор, директордың тәрбие жөнінде орынбасарларына, педагог-психологтарына арналған семинарлар ұйымдастырады;
3) кәмелетке толмағандардың арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) жағдайларын болдырмау және суицидиалды мінез-құлықтың алдын-алу бойынша шаралар ұйымдастырады;
4) балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне - өзі қол жұмсау (суицид) бойынша алдын алу жұмыстарына талдау жүргізіп, есеп жасайды;
5) ҚР БжҒ министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 26 бұйрығынын орындалуын қамтамасыз етеді;
6) террористік белсенді аймақтардан келіп жатқан кәмелетке толмағандарды оңалту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
7) мүдделі органдармен бірлесе отырып, діни бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады;
8) діни ағымдағы жүрген кәмелетке толмағандардың тізімін анықтайды, талдау жасайды.
- Бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын және өзге де мемлекеттік қызметшіге қойлатын міндеттер мен функцияларды іске асыруға жауапты.
- Бөлім негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:
1) құзыреті шегінде барлық жергілікті мемлекеттік органдардың, ақпараттық деректер банкін қолдануға;
2) өз құзыреті шегінде осы Ережеге сәйкес зерделеу жүргізуге;
3) Бөлімнің және Басқарманын функционалдық қызметіне қажетті ақпарат пен құжаттарды аудандық, қалалық білім бөлімдерінен, бағынысты меекмелерден, жергілікті және аумақтық органдардан, басқармалардан сұратуға және алуға;
4) тексерулердің тікелей нәтижелері және нақты орындалған жұмыс көлемдері туралы Басқарма басшысын хабардар етуге;
5) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
6) Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде кеңестер мен комиссиялардың жұмысына қатысуға;
7) Басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес Бөлімнің қызмет бағыттарына қатысты мәселелер бойынша қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, бағынысты мекемелердің қызметіне зерделеу жүргізуге;
8) Бөлімге жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізілетін іс-шараларды жасақтауға және іске асыруға бағынысты мекмелердің, Басқарманын қызметкерлеріне тартуға;
9) Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
10) Заңмен және осы ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды Басқарманың басқа құрылымдық бөлімдерінен сұратуға.
- Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылығы дербес, басқарма басшысына және басқарма басшысының орынбасарына тікелей бағынады.
- Бөлімді қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқарма басшысымен қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы басқарады.
- Бөлім басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін басқарма басшысының бұйрығына сәйкес, бас маман атқарады.